Ер адам

Солтүстік Қазақстанда көлік бұзылып, айдалада қалып қойған жолаушылар құтқарылды

465
(Жаңартылды 20:15 25.12.2018)
Бұзылып қалған көліктің үш жолаушысын полицейлер даладан іздеп тапты

ПЕТРОПАВЛ, 25 желтоқсан — Sputnik. Кеше Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері елді мекендерден алыс жерде бұзылып қалған Chevrolet Niva көлігінің үш жолаушысын құтқарды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент кезекшісі полицияға хабарласып, түнгі 23:30-да үш ауыл тұрғыны, біреуі 1938 жылы туған қарт кісі, Chevrolet Niva көлігімен Петропавлдан Ақжар ауданындағы Киевское ауылына аттанып, содан бері хабар-ошарсыз кеткенін жеткізген.

"Ақжар ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Марат Нұрахметов тез арада іздеу шараларын ұйымдастырып, төрт  жедел іздеу тобын құрды. Белгілі болғандай, көлік бұзылып, ауыл арасындағы жолда тоқтап қалған", — деп мәлімет берді полиция.

Түн ортасы әрі елді мекендердің арасы өте алыс болғандықтан, оның үстіне жүргізуші мен жолаушылардың ұялы байланысы болмауы салдарынан іздеу жұмыстары айтарлықтай қиындайды. Таңға жуық жүргізуші Ақжарқын ауылына жетіп, өзінің қайда екенін хабарлапты. Оның келген ізі бойынша тоқтап қалған көлік пен жолаушыларды іздеп табады.

 

465
Кілт сөздер:
жолаушылар, құтқару, көлік, полиция, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Алматыда өртеніп жатқан үйден 70 адам құтқарылды
Алматы маңындағы тау бөктерінде аяғын сындырған ресейлік әйел құтқарылды
Павлодар облысында бір балықшы суға батып кетіп, төртеуі құтқарылды
Ақмола облысында бұзылып қалған автобустан Тәжікстан азаматтары құтқарылды
Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды
Загрузка...