Нәрестелер

Шымкентте көп балалы отбасыда үшем дүниеге келді

524
(Жаңартылды 11:35 29.12.2018)
Жыл басынан бері Шымкентте үш үшем дүние есігін ашқан, қалада соңғы он жыл ішінде орта есеппен 7-13 үшем өмірге келді

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Шымкент қаласында үшем туды, деп хабарлайды Otyrar.

Түркістан облысында бес баланың анасы үшем туды
© Photo : управление здравоохранения Туркестанской области

35 жастағы бақытты ана Динара Нәлібаева екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Осылайша жыл басынан бері Шымкентте үшінші үшем дүние есігін ашыпты.

Осман, Омар, Зейнеп есімді сәбилердің жағдайы қазір бір қалыпты. Бүгін перзентханадан шығарды. Үшем қарашаның 24-інде 33 апталық кезінде ота әдісімен дүниеге келген.

Шақалақтардың салмағы 1300-1700 грамм, бойы 38-40 см болыпты. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, әрқайсысы 2600 грамм тартады екен.  Динара Нәлібаеваның бұған дейін тағы екі қыз бір ұлы бар болатын, енді жас әйел алты баланың анасы атанып отыр.

Шымкентте қанша бала дүниеге келеді?

2018 жылы 11 ай ішінде еліміздегі үшінші ірі қалада 24 378 бала дүниеге келеді. Қалада соңғы он жылда 7-13 үшем дүниеге келіп, 180 егіз туған.

524
Кілт сөздер:
бала туу, үшем, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Қостанайда үшем дүниеге келді
Кентауда үшем дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстанда үшем дүниеге келді
Астаналық шекарашының отбасында төртем туылды
Загрузка...