Өңірлер

"38 градус аяз". Жаңа жыл түні ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Тимур БатыршинЖаңа жыл - 2019
Жаңа жыл - 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері жаңа жыл түні ауа райы қандай болатынын айтты.

Шырша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алдағы екі тәулікте Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып, ауа температурасы сәл жоғарылайды. 

31 желтоқсанда бұл облыстарда керісінше күн суытып, жаңа жыл түнінде 25-30 градус аяз болады, кей жерде сынап бағанасы 33-38 градусқа дейін нөлден төмендейді. Республиканың шығысында 2 қаңтарда түнде кей жерде минус 40 градус аяз болады. 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман және көктайғақ болады. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде жаңа жыл күндері қар жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, ауа температурасының аздап ауытқыса да, көпжылдық нормадан алшақтай қоймайды.

Ірі қалаларда жаңа жыл түні ауа райы қандай болады

Gismeteo бойынша 31 желтоқсанда күндіз ауа температурасы —11, ал түнде —12 градус болады. Түнде және таңертең қар жауады.

31 желтоқсанда күндіз 3 градус нөлден төмен, түнде —4 градус суық болады.

31 желтоқсанда күн ашық болады, күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жылынса, түнде +3 градус болады.

Жаңалықтар
0