Қылмыстық іс

Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция ұлтаралық алауыздық туралы іс қозғады

2626
(Жаңартылды 19:08 06.01.2019)
Облыс прокуратурасы азаматтарды арандатуға жол бермеуге шақырады

ҚАРАҒАНДЫ, 6 қаңтар — Sputnik. Бүгін облыс әкімдігі мен прокуратурасы қызметкерлері баспасөз хабарламасын таратты. Онда әлеуметтік желідегі пікірлерге байланысты іс қозғалғаны хабарланды. Күдікті белгілі бір ұлт өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетуге шақырған.

"Қылмыстық істі тергеу аясында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес 7 күдікті ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынған, — деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. – Бір күдіктіні халықаралық іздеу жарияланған".

Қарағанды мейрамханасы жанындағы төбелес салдарынан жас жігіттің қазаға ұшырауына байланысты әлеуметтік желіде жаппай наразылық туындады. Ақпараттың жеткіліксіздігі нәтижесінде адамдар оқиғаның мән-жайын өздері ойдан құрастыра бастаған.

"БАҚ көздерін бақылай келе анықтағанымыздай, қалыптасқан көзқарастағы тұлғалар тарапынан оқиғаның шынайы бейнесі әлі де бұрмаланып жатыр. Бұдан бұрын облыс прокуратурасы мұндай әрекеттердің салдары қандай болатынын түсіндірген болатын. "В контакте" әлеуметтік желісінде жоғарыдағы жанжалға байланысты белгілі бір ұлт өкілдеріне зорлық-зомбылық жасауға шақыру туралы пікір табылған. Аталған дерек бойынша 2019 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 174-бабы "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", — деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Прокуратура азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, арандатуға жол бермеуді сұрады.

2626
Кілт сөздер:
ұлтаралық алауыздық, қанды оқиға, қылмыстық іс, Қарағанды
Тақырып бойынша
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты
Ақтауда түнгі клубтың жанындағы төбелес атысқа ұласа жаздады – видео
Ақтөбеде әйелдер сотта төбелес шығарып, арнайы жасақтың көмегі керек болды
Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

312
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

312
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

3960
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

3960
Кілт сөздер:
видео
Түнгі клуб

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды

0
Бұған дейін 25 жастағы бойжеткенге заң бұзғаны үшін ескерту жасалып, тіпті жауапкершілікке де тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Елордада карантиндік шараларды бірнеше рет бұзғаны үшін 25 жастағы түнгі клуб әкімшісі бір тәулікке қамауға алынды. Полицейлердің хабарлауынша, тыйым салынғанына қарамастан 30-ға жуық азамат клубта бас қосып, ереже бұзғаны анықталған.

Ал түнгі клубтың әкімшісі бұған дейін де Әкімшілік кодексті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, аталған клубта сауық кеші ұйымдастырылған.

Осы жағдайға байланысты тиісті материалдар жиналып, сотқа жолданған. Сот үкімімен бойжеткен бір тәулікке қамауға алынды.

Сонымен қатар, карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, "Алматы" ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын қадағалау басқармасына жіберілді.

Оқи отырыңыз: Петропавлда түнгі клуб жанында екі қызды қағып кеткен байдың баласы ұсталды

Полиция өкілдері қала тұрғындарына ойын-сауық мекемелерінде коронавирусты жұқтыру қаупі артқанын ескертеді.

0
Кілт сөздер:
қамауға алынды, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қыркүйек соңында карантин күшейе ме – бас санитар дәрігер жауабы
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Түнгі клуб алдында көлік қағып, комаға түскен әйел көз жұмды
Маңғыстау облысында той өткізген шенеунік жазаланады
Түнгі клуб алдындағы төбелес: полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты