Өңірлер

Қақаған қыста жарық пен жылусыз қалған мүгедек өз үйінде үсіп өлді

CC0 / / Мүгедек арбасы
Мүгедек арбасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам белсендісінің айтуынша, мүгедектің қазасы жергілікті әлеуметтік қызметтің жауапсыздығын көрсетеді

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысында III топ мүгедегі суық үйде үсіп өлген. Бұл туралы қоғам белсендісі Мұрат Қабылбаев хабарлады.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында екі адам суық өтіп қаза тапты

Былтыр қазан айында Қабылбаев үйінде жарығы мен көмірі жоқ ер адам туралы жазған болатын. Автор көмекке мұқтаж Ақмола тұрғынын арнайы орталыққа орналастыру керектігін айтқан.

Ер адам мүгедектіктің екінші тобына ауысуға тиіс еді, бұл мәселемен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының өкілі айналысты, деп атап өтті Қабылбаев. Алайда ер адам бір жаққа кетуден қатты қорыққан.

Қазақстандықтың өлімі жергілікті әлеуметтік қызметтердің жауапсыздығынан болды, деп санайды Қабылбаев.

"Әкімдік өкілдері барса, ресми тұлғалар болғандықтан, бәлкім, басқаша қарар ма еді. Василий, кешір бізді, сен кейбіреулер үшін адам емессің. Немқұрайлылықтың құрбаны болды. Өзі кінәлі дейді… 30-40 градус аязда жарықсыз, отынсыз… Көрпеге оранып жатқан… Тірі қалуы мүмкін бе еді?", — дейді қоғам белсендісі.

Бурабай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің айтуынша, ер адам қызының сөзін тыңдамай, мүгедектік тобын ауыстыруға көнбейді. Щучинск дәрігерінің қорытындысы негізінде құжаттарды ресімдеуге болатын еді, бірақ өзі жеке куәлігін тығып тастады, дейді бөлім басшысының орынбасары Светлана Анискина.

Түнгі мезгіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді – қорқынышты видео

"Ересек адамды мәжбүрлей алмадық. III топ мүгедегі болған. Зейнет жасына жетпегендіктен, оған әлеуметтік қызметкер бөлінбеген еді. Мүгедектік тобына байланысты медициналық-әлеуметтік мекеменің қарауына бере алмадық. Себебі Щучинскіде туған қызы тұрады. Қараша айында қалалық әкімдік пен "Нұр Отан" партиясы және аудандық емхана көмегімен көмір жеткізіп бердік. Ағаш отыны бар болатын. Бір көлік көмір жеткізілген. Үй ішінде жүріп-тұруы қиын болғандықтан, оған бөлінбесе де, мүгедек арбасын апарып бердік", — деді Анискина Sputnik Қазақстанға.

Оның айтуынша, қараша-желтоқсан айларында ер адамға таза жатын орын мен азық-түлік жеткізіліпті.

Мұрат Қалыбаев "атқарушы органдар мәселе ушыққан кезде ғана қолға алатынын" айтып, әлеуметтік қызметтің жұмысын салғырт деп ойын түйіндеді.

Жаңалықтар
0