Өңірлер

Атыраудағы сәбилер өлімі: қайғыдан қан жұтқан аналар перзентхананы тексеруді талап етті

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Перинаталдық орталықта шетінеген балаларға бірдей диагноз қойған, дейді олар

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған нәрестесінен айырылған әйелдер дәрігерлерді айыптайды. Аналардың сөзіне сенсек, балалардың бәрі де қан құйылғаннан кейін шетінеп кеткен көрінеді, деп хабарлайды КТК

Бұл әйелдер былтыр жыл соңында Атырау облыстық перзентханасында босанып, нәрестесі шетінеген аналардың бір бөлігі ғана. Бірі тұңғышынан, енді бірі егізінен айырылыпты. Олардың сөзіне сүйенсек, сәбилер дүниеге аман келгенімен, артынша көз жұмған.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жекеменшік емханадағы операциядан кейін сәби шетінеп кетті

"Өзім босандым, екі егізімді. Босанған соң дереу  реанимацияға алып кетті, екеуін де, 8-ші күні балаға қан құямыз деді. Қан құйғаннан кейін  дәреті жүрмей қалды, ер баламда бірінші, содан кейін денесі ісе бастады. Аузынан қан құсты, қыз тірі қалады деп айтты, қыз да дәл солай, ер балам сияқты кетті артынан", — дейді перзентінен айырылған аналардың бірі Альбина Ермекова. 

Қайғылы оқиға медициналық мекеме ішінде, дәрігерлердің көз алдында болған. Қан немесе плазма құйылғаннан кейін осы сияқты ауру белгілермен шетінеген сәбилер өте көп болып шықты. Оның үстіне бәріне қойылатын диагноз біреу – инфекция. Жас босанған әйелдер бұған күдік танытып, перзентхана басшылығынан түсіндіруді талап еткен.

 

"Сіздің қолыңызда ешқандай дәлеліңіз жоқ, ешқандай шағым түсірмедіңіздер. Халық арасында шындап келгенде дүрбелең тудырып отырсыздар. Денсаулықтау басқармасына, Ішкі істер басқармасына облздравқа жаздыңыздар ма?  Сіздің қолыңызға  дәрігерлері кінәлі деген анықтама берді ме?  Сіздер шағым түсіру үшін ойлану керексіз ғой", — деп жауап берген Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев.

Осыдан кейін әйелдер құқық қорғау орындары және медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің жергілікті департаментіне арыз түсірді.

Жаңалықтар
0