Өңірлер

Өскеменде жүкті әйелді дәріханашылар босандырып алды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің толғағы кенет басталып кеткен. Дәріханашылардың ойлануға да уақыты болмаған

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Өскеменде толғақ қысқан әйел дәріханада қыз баланы өмірге әкелді. Оқиға 3 қаңтар күні Киров көшесінің бойындағы дәріханалардың бірінде болды.

Жедел жәрдем жетіп үлгермейтін болғандықтан, дәріхана қызметкерлері оны өздері босандырып алады, деп хабарлады Алтайньюс.

Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда жүкті әйел көз жұмды: туыстары перзентханаға басып кірді

Фармацевттер Венера Икласпаева мен Роза Турбаеваның айтуынша, әйелдің толғағы кенет басталып кеткен. Бұлардың, тіпті, ойлануға да уақыты болмаған.

"Мұндай жағдайға бірінші рет тап болдық. Бірақ бәрі сәтті өтті", – дейді олар.

Жаңа босанған әйел мен сәбиді жедел жәрдем қызметкерлері перзентханаға жеткізеді. Оны босандырып алған дәріханашылар перзентханаға барып, жағдайын біліп тұрыпты.

Белгілі болғандай, әйелдің есімі Жадыра екен. Ол – Аягөз қаласының тұрғыны. Облыс орталығына дәрігерге қаралуға келген.

"Босануға  әлі ерте екеніне сенімді едім. Бұл бесінші балам. Роза мен Венераға маған көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз", – дейді ол.

Дәріханада дүниеге келген қыздың есімін Айкүнім деп қойыпты. Қазір ол анасымен бірге аман-есен Аягөзге оралды.


Жаңалықтар
0