Бұрқасын

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

564
(Жаңартылды 11:22 14.01.2019)
Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады

АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бүгін Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін барады. 

Оралда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 18 м/с  дейін күшейеді, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

14 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде – бұрқасын, жел (15-20 м/с).  Сондай-ақ, ертең Астанада таңертең және күндіз оңтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с дейін барады. 

14 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай қаласында – бұрқасын, жел (15-20 м/с).

564
Кілт сөздер:
бұрқасын, жел, тұман, көктайғақ, дабылды ескерту, Қазгидромет, Ақмола облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Көктайғақта құламау үшін не істеу керек — басымнан өткен жағдай
Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес
Загрузка...