Өңірлер

Талдықорғанда үш оқушы "ақылды аялдаманы" тонап кетті - видео

© Photo : PexelsЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімдігінің қызметкерлері жасөспірімдердің ата-анасынан хабарласуды сұрайды, әйтпесе полицияға шағым түсірмек

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Талдықорған әкімдігінің өкілдері қала тұрғындарынан Smart-аялдамалардың бірінде қабырғаға ілінген қуаттағыш құрылғыны ұрлап кеткен жасөспірімдерді табуға көмектесуді сұрайды.

Оқиғаның видеосын әкімдік қызметкерлері Facebook-тегі ресми парақшада жариялаған.

Кадрларда жасөспірімдердің бірі қабырғадағы сымды жұлып алады да, достарымен аялдамадан ізін суытады.

"Құрметті, талдықорғандықтар! Мына видеоны мұқият қараңыздар, оқушылар "Самалдағы" жаңа Smart-аялдаманың қабырғасына орнатылған 8 гаджетке арналған қуаттағыш құрылғыны жұлып алып кетті. Бала емес, ұрылар! Құрметті ата-аналар, осы видеода балаларыңызды танысаңыздар, хабарласыңыздар, әйтпесе құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр боламыз", — деп жазды әкімдік қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебін тонаған ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жаңалықтар
0