Қар, бұрқасын

"Жауын-шашын мен қатты жел" Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

448
(Жаңартылды 12:45 15.01.2019)
Алдағы күндері қатты жел соғып, көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстіктегі таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ертең Түркістан облысында күндіз ауа райы – жауын-шашынды. Тәулік бойы кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін барады. 

Дәл сол күні Шымкентте де жауын-шашын болжанып отыр. Тәулік бойы соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 25 м/с дейін күшейеді. 

Түркістан қаласында да қатты жел тұрады (екпіні 25 м/с). 

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп ескертті синоптиктер.

15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні ертең күндіз және 16 қаңтарда түнде 23-28 м/с дейін барады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Тағы оқыңыз: 

Таразда да тұман түсіп, қатты жел соғады – екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. 

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, қатты жауын-шашынға байланысты 15-16 қаңтар күндері Жамбыл, Түркістан және 16 қаңтарда Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

448
Кілт сөздер:
қатты жел, су деңгейі, көктайғақ, тұман, дабылды ескерту, Қазгидромет, Алматы облысы, Қостанай облысы, Тараз, Шымкент, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Көктайғақта қалай дұрыс құлау керек? Астаналық дәрігерден кеңес
Боран және көктайғақ – 14 қаңтарға ауа райы болжамы
Загрузка...