Қол көтеру

"Өлтірмей тұрғанда" Әйел үйде босануға мәжбүрлеген күйеуі туралы айтып жылады

2816
(Жаңартылды 21:18 15.01.2019)
Әйел халықтан құжаттарын қалпына келтіру үшін көмек сұрап отыр

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Гүлдәрия Теміржанова Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Сызған ауылында туып-өскен. Алматы қаласына 2005 жылы анасының соңынан көшіп келген. Бүгінде жасы отыздан асып, бір қыз тәрбиелеп отырса да, әлі күнге дейін жеке куәлік жасатып көрмегенін айтады. 

"Анамның айтуы бойынша, әкеміз қайтыс болғаннан кейін біздің құжатымызды дұрыстауға мүмкіндігі болмаған. Бірақ кейін ол кісі құжаттарымды жасатып, мені Түркістан қаласы Ынтымақ ауылындағы туыстарына жібереді. Қолымда туу туралы куәлік пен мектептен алған қағаздарым болды. Бірақ автобуста осының бәрін ұрлатып алдым. Өмірімде қиындық көп болды", — деп көзіне жас алды Гүлдәрия Теміржанова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Әрі қарай әйел 2013 жылы Түркістан маңындағы Нұртас ауылының азаматына тұрмысқа шыққанын айтты. Арада бір қыз дүниеге келгеніне қарамастан, заңды некеге тұрмаған. Кейін күйеуінің шектен тыс қызғаншақтығына бола бөлек тұруына тура келген.

"Ол кісі нашарлау болды. Мені әке-шешеңе кетіп қаласың деп қатты қызғанып, үйден бір адым шығармады. Тіпті, босанар кезде перзентханаға жібермей, қызымды үйде тууға мәжбүр болдым. Ең ақыры қызыма сегіз ай толғанда маған қол көтеріп, енем "Сені өлтіріп тастамай тұрғанда төркініңе апарып тастайын" деп үйіме әкелді. Сол кеткеннен күйеуіммен ұзақ уақыт араласпадым", — дейді ол.

Тағы оқыңыз:

Бұдан кейін әйел 2017 жылы күйеуімен қайта татуласпақ болып, Ынтымақ ауылына қызымен бірге барады. Қайын жұртының үйінде азаматтық некедегі күйеуімен қайта жолығып, екеуі бірге тұруға шешім қабылдайды. Бірақ араға үш күн салып күйеуі тағы да ішімдік ішіп, қол көтерген. Осы жағдайдан кейін бұрынғы қателігін қайталамайын деп үйден кетіп қалған. Енді өзінің құжаттарын толықтай қалпына келтіру үшін жұрттан көмек сұрап отыр.

2816
Кілт сөздер:
қызғаныш, әйел, перзентхана, құжат, азаматтық неке
Тақырып бойынша
Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
Головкиннің жеңілісін көрген кішкентай фанаттары ағыл-тегіл жылады – видео
Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог
Алматы облысында келін енесін соққыға жығып, үйден қуып шыққан
Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты
"Баланы құтқарыңыз". Астанада көз жұмған әйелдің күйеуі министрден көмек сұрады
Шымкент қаласы

Қылмыстық іс қозғалды Шымкенттегі оқиғаға қатысты ресми ақпарат шықты

1294
Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департfменті мейрамханада болған атыстың мән-жайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болды. Екі адам жарақат алды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. 

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 287-бабы ("атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.

Тергеушілер күдіктілерді анықтады. Оларды ұстау шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін. Бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Ал қару-жарақты заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін айыпппұлдан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

1294
Кілт сөздер:
адам өлімі, Шымкент, қылмыстық іс
Тақырып бойынша
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
"Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады
Шымкентте көшеде екі баланың анасын кім ұрып кеткені белгілі болды
Кісен, архивтегі сурет

Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді 

1915
(Жаңартылды 16:42 11.08.2020)
Әлеуметтік желілерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабар тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Жамбыл облыстық полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  

Полицияның мәліметіне сәйкес, 11 тамызда сағат түнгі 01.30-да Талас ауданының полиция бөлімшесіне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық туралы хабарлама түскен. 

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Сондай-ақ осыған қатысты мән-жай анықталуда", - дейді тәртіп сақшылары. 

Облыстық полиция қазіргі уақытта жағдай тұрақты және басқа да қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың тіркелмегенін жеткізді.  

"Полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", - деді полицейлер.

 

1915
Кілт сөздер:
түсініктеме, полиция, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың видеосы жарияланды 
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0