Смартфон

Абай ауылында зорланған жігіттің ісі: күдіктілердің бірі видеоға түсіп қалған

1080
(Жаңартылды 16:02 17.01.2019)
Жасөспірімді зорлады деп айыпталып отырған күдіктілердің бірі Абай ауылының тұрғынымен сөйлесіп, өзінің кінәсін мойындаған сәті жазылған видео мен телефон әңгімесінің жазбасы полицияға берілді

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Түркістан облысында бұрынғы полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деп айыпталғанына қарамастан, күдікті дәл қазір бостандықта жүр. Бұл туралы тілшісіне адвокат Айман Омарова хабарлады.

Жәбірленушінің сөзі

2018 жылдың жаз айында Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл үш жыл көлемінде созылған. Айтуынша, зорлап қана қоймай интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

Осы оқиға сайтында жарияланғаннан кейін жігітке танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова қол ұшын созады. Оның айтуынша, қолда аудио және видео жазбалардың бар екеніне қарамастан, полиция бұл іске күдіктілерді қамауға алуға асықпайды.

Омарова 2015 жылы жәбірленушінің ата-анасының екінші күдіктіні видеоға түсіріп алғанын айтып берді.

Тағы оқыңыз:

"Бұл видеода Ержан атты екінші күдікті бар. 2015 жылы Ержан үнемі жігітті іздеп, кейінгісі кездесуге келісімін береді. Бірақ жас жігіт бұл жолы өзімен бірге ата-анасын ала барады. Ата-анасы көрші бөлмеде болып, біраз уақыттан кейін ер адам мен баласы болған бөлмеге кіріп, барлығын видеоға түсіріп алады. Видеода ер адам өзінің есімін және не істегенін айтып береді", — деді адвокат Sputnik Қазақстанға.

Омарова полицияда күдікті ер адамның болған қылмысқа қатысы бар екенін айтқан сәті түсірілген видео бар екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші күдіктінің әңгіме барысында қылмысқа қатысы бар екенін мойындағанын айтты. Барлық мәлімет құқық қорғау органына тапсырылған.

Полициядан қуылған

Түркістан облысы полиция департаментіндегілер осы іс бойынша күдіктілердің бірінің полицей болғанын растады.

"Күдіктілердің бірі — бұрынғы полиция қызметкері. Ол ішкі істер органдарынан 2016 жылы теріс пиғылына байланысты жұмыстан шығарылды", — деді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер тілшісіне.

Департаменттегілер күдіктінің Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы полиция бөлімшесінде қызмет еткенін нақтылады.

"Осының барлығы қолда бар екеніне қарамастан, Түркістан облысы полициясы тергеуді жүргізуші ретінде ешқандай шара қолданбай отыр. Екі күдікті де әлі күнге дейін қамауға алынған жоқ. Менің қорғауымдағы жігіт көптен бері жазасын алмай жүрген қылмыскерлерді соттау үшін соңына дейін баруға әзір", — деп наразылығын білдірді Омарова.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде 2015 жылдың 15 қыркүйегінде тіркелген. Қазіргі сәтте Түркістан облысы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз:

Полициядағылар қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдарының мәліметі жария етілмейтінін нақтылады. Заңды процестік шешім тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

Абай ауылында бірінші сынып оқушысының зорлануы

Қазақстанның оңтүстігіндегі Абай ауылы 2018 жылдың қыс айында бірінші сынып оқушысының зорлануы туралы хабар тарағаннан кейін ел аузында жүр. Төрт бала жеті жасар оқушыны қорлап келген. 2019 жылдың 10 қаңтарында 2002 жылы дүниеге келген жасөспірімдердің біріне үкім шықты. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі қылмыс жасаған кезде 14 жасқа толып үлгермегендіктен, түрмеден қашып құтылды.

1080
Кілт сөздер:
жас жігіт, күдікті, зорлау, полиция, Абай ауылы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны көршісінің 7 жасар қызын зорлады
Қыз зорлады деп айыпталған Криштиану Роналду түсініктеме берді
Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады
ШҚО-да экс-депутатты зорлады деп айыптаған қыз сотталып кетті
ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты
Загрузка...