Тапанша

Алматыда күйеу бала мен қайнаға арасындағы кикілжің адам өліміне себеп болды

1248
(Жаңартылды 09:37 19.01.2019)
Сот отырысы кезінде куәгерлер қанды оқиғаның қалай болғанын жан-жақты айтып берді

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Алматыда әріптесін атып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты сот талқылауы басталды.

Прокурордың мәліметінше, сотталушы Азамат Берістемов марқұм Сәбит Бегланұлын қасақана өлтірген. Қазір оған қылмыстық кодекстің 99 —бабының 1-тармағы – адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалған, деп хабарлады КТК.

Алайда, сот залындағы Азамат Берістемов оны өлтіретін ойым болған жоқ деп жауап қатты. Ал, бүгін куәгерлер қанды оқиға жайында жан-жақты айтып берді. Сотталушы сол күні кезекті еңбек демалысынан шыққан екен. 

Естеріңізге салсақ, былтыр қыркүйек айында Берістемов қолындағы табельдік қарумен жұмыс үстінде Сәбит Бегланұлын атып тастаған еді. Кейін күдікті жігіт марқұмның қайнағасы екені анықталды. Адам өлімімен аяқталған кикілжіңге қарындасы мен күйеу баласы арасындағы отбасылық жанжал себеп болған. Ал, 28 жастағы полиция капитанының туысқандары оған қатаң жаза сұрап отыр. 

  

"Ауыр жаза кесуді сұраймын. Бауырымды 30 жасқа жеткізбей жер жастандырды. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін. Түрменің шетін көрсін", — деді марқұмның әпкесі Гүлмира Мамырбекова.


1248
Кілт сөздер:
трагедия, қанды оқиға, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Талдықорғанда бастығын атып өлтірген подполковник құпияның бетін ашты
Түркістанда аудан әкімінің орынбасарын атып кетті: полиция күдіктілерді ұстады
Полицей бастығын атып тастады: ІІМ төтенше жағдайдың себебін атады
Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады
Загрузка...