Пышақ

Ақтөбедегі мектептер арасындағы төбелес: оқушылардан пышақ іздеп жатыр

244
(Жаңартылды 11:28 22.01.2019)
Психологтардың айтуынша, Ақтөбедегі оқушылардың жаппай төбелесіне компьютерлік ойындар кінәлі

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Ақтөбеде бір оқушының пышақ жарақатын алуымен аяқталған жаппай төбелестен кейін, балаларды жаппай тінтіп, суық қару іздеп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 10 қаңтарда болған еді. Бейіт басына қырықтан астам оқушы жиналған. Ақыры соңында колледж студентінің кеудесіне пышақ сұғылыпты. Қансыраған жасөспірім өзі оқитын мектепке әрең жетеді. Ал мұғалімдер оны таксиге отырғызып, үйіне қоя берген, содан соң ол ауруханаға түсті.

Ақтөбе полициясы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр – бұзақылық және адам денсаулығына зиян келтіру. Қазір мектепте мұғалімдер балаларда пышақ бар-жоғын тексеруде. 

Кикілжіңге қатысқан оқушылардың айтуынша, көпшілігіне "қысым көрсетілген" – достары төбелеске шығуға көндіріпті, бірақ қақтығысқа не себеп болғаны әлі белгісіз.

Телеарна сауалнама жүргізген психологтардың пікіріне сүйенсек, балалардың бойындағы ашу-ыза мектепте емес, компьютерлік ойындардың кесірінен және отбасыдағы жалғыздық салдарынан пайда болады.

Ақтөбеде былтыр оқушылар арасында бірнеше рет төбелес шығып, кісі өлтіру және пышақ салумен аяқталған. 2018 жылы мектеп түлегі, "Алтын белгі" иегері басқа бір оқушыны пышақтап өлтіріп, тоғыз жылға сотталды.

2018 жылдың соңында дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың оқушылары арасындағы төбелес салдарынан жасөспірімдердің бірі жарақат алған.

244
Кілт сөздер:
тергеу, пышақ, жаппай төбелес, оқушылар, мектеп, Ақтөбе
Тақырып бойынша
"Аяғын басып кеттім". Мектеп түлегі қанды оқиғаның қалай болғанын айтты
Қарағандыдағы қанды оқиғаға шын мәнінде не себеп болғаны анықталды
Түнгі бардағы қанды қырғын: 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды - видео
Керчь колледжіндегі қанды қырғынның видеосы жарияланды
Загрузка...