Түрменің архивтегі фотосы

Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды

329
(Жаңартылды 18:51 28.01.2019)
Түзету мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары түрмеге жабылды

АСТАНА, 22 қаңтар— Sputnik. Маңғыстау облысында Ақтау қалалық соты ГМ-172/6 колониясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарын жемқорлық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды. 

Сот айыптаушылар бопсалау жолымен, алдын-ала сөз байласу арқылы сотталғандардың туыстарынан үлкен мөлшерде пара алғанын анықтады, деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адамдар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтарына ("Пара алу") сәйкес кінәлі деп танылды. ГМ-172/6 колониясының бұрынғы басшысы және оның орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі таңда үкімі күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысы жанармай құю бекетін тонаған болатын, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. 


329
Кілт сөздер:
түрме, Ақтау
Загрузка...