Әйел. Архивтегі фото

"Айт шындығыңды" Күйеуі өлтірді делінген келіншектің анасы жанайқайын жеткізді

2059
(Жаңартылды 11:10 28.01.2019)
Күйеуге шыққанына небәрі 9 ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп, дәлізде сұлап жатқан жерінен енесі көрген

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының ісі ақыры жабылды. Өйткені сарапшылар ол өз-өзіне қол салған деген қорытынды шығарған.

Алайда ішіне пышақ кіріп мерт болған марқұмның туыстары бұған сенбей, кісі қолынан қаза тапқан деп отыр. Сондықтан мәйітке эксгумация жасап, кінәлілерді анықтау үшін қайта тәуелсіз сот сараптамасын жүргізуді талап етуде.

"Бізді ешкім қолдап жатқан жоқ. Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, ол жап-жас қыз. Бұның қайын сіңлісі, енесі мен күйеуі бар, осы үшеуінен көріп отырмыз", — дейді марқұмның ағасы Сүлеймен Ысақов.

Жамбыл ауданындағы қанды оқиға 4 ай бұрын болған. Күйеуге шыққанына небәрі 9 ай толған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп, дәлізде сұлап жатқан жерінен енесі көрдім деген. Гүлнұр ауруханаға жетіп көз жұмады. Марқұмның ата-анасы бұған күйеу бала мен оның жақындарын айыптаған-ды.

"Айт шындығыңды, жауап бер. Адам құсап мен сендерге сеніп жібердім".

Бірақ қолдарында "отбасыда жиі-жиі жанжал болатын" дегеннен басқа еш дәлел жоқ. Қайғыдан қан жұтқандар Гүлнұрдың суицид жасағанына сенбейді. Сараптама қорытындысынан да біраз қателік анықталыпты, деп хабарлады КТК.    

"Сараптама қорытындысының 9 пункті бойынша қателіктер бар. Гистологиялық тексеру жүргізбеген, оқиға орнында түсініктеме алмаған. Тіпті Тұрдалының киімін тексеру де назарға алынбаған. Оған зорлық-зомбылық көрсетілді ме, ол жағы да анық емес. Енді біз мәйітке эксгумация жасатып, комиссиялық сот- сараптамасын жүргізуге мәжбүрміз", — дейді адвокат Елена Ушакова.

Істің қысқарып кетуіне наразылық білдірген жәбірленуші тарап тергеушілердің үстінен аудандық прокуратураға шағым түсірген. Сөйтіп, іс қайта қозғалғанымен, онда да бастапқы болжам дұрыс деп танылыпты.

Алайда әділдік іздегендер қосымша тағы тексеру жүргізілуін талап етіп, прокуратураға арыз түсірді. Мәйітке эксгумация жасауға өтінішін берген. Енді соңғы сөзді құзырлы орын айтады.


2059
Кілт сөздер:
қаза, трагедия, келіншек, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты
ОҚО-да баласының көзінше әйелін бауыздаған қылмыскер сотталды
Қостанайда ер адам жолдастарымен бірігіп, бұрынғы әйелін өлтірген
Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті
Әлеуметтік желі, архивтегі фото

Арыста танысының үйінде қонақта болған жігіт ұятқа қалды

44
"Samsung" және "Nokia" телефондарын ұрлаған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Арыс қаласының полицейлері екі ұялы телефон ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Арыс қаласының тұрғыны полицияға арызданып, үйінен "Samsung" және "Nokia" маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді.

Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды.

Оқи отырыңыз: Өзен бойында демалып жүрген қария 130 мың теңгесін ұрлатты 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақ зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

44
Кілт сөздер:
телефон, қонақ
Тақырып бойынша
Астанада балалар арбасынан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды
Сегіз кредит жапқан: қомақты қаржы ұрлаған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды
Қостанай облысында шұжықтың көмегімен 12 миллион теңгенің ұрлығы ашылды
Ұлының еміне жиналған қаржыдан көз жазып қалған әйел қайтыс болды
Құжат, қол қою

Полиция Түркістан облысы тұрғынының заңсыз әрекетін әшкереледі

152
(Жаңартылды 11:13 05.08.2020)
Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында бес тұрғынның ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкері ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

"Келес ауданы полиция бөліміне екі тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, оларға мемлекет тарапынан бөлініп, есепшоттарына түскен атаулы әлеуметтік жәрдемақының бір бөлігін белгісіз біреу шешіп алған. Алаяқ екі әйелдің 300 000 теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденді", - делінген ақпаратта.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Аудандағы тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде полиция осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. 

"Күдікті жергілікті тұрғын поштаның бұрынғы қызметкері болып шықты. Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінде жұмыс істегенде өзі қол қойып, тұрғындардың ақшасын шешіп алғаны анықталды. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас тағы үш жайтқа қатысы бар екені белгілі болды", - деп хабарлады полиция.

Тағы оқыңыз: Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

Күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Ол жәбірленушілердің 1,5 миллион теңгеге жуық ақшасын есепшоттарынан заңсыз алып, өз қажеттілігіне жаратып жіберген. 

Күдікті қазір қолхатпен босатылды. Өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен өзгенің сеніп тапсырған ақшасын иемденді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

152
Кілт сөздер:
алаяқтық, тұрғын, полиция, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
Полиция Түркістан облысындағы жағдай туралы ақпарат таратты
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Түркістан облысында той болып жатқан үйге шақырылмаған "қонақтар" кіріп келді
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

0
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

0