Өңірлер

Белгілі журналист қайтыс болды

© Sputnik / Болат ШайхиновШырақ
Шырақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әріптестері Валерий Мерцаловты журналистиканың аты аңызға айналған тұлғасы деп біледі

ПЕТРОПАВЛ, 25 қаңтар — Sputnik. Петропавлда журналистикаға жарты ғасыр өмірін арнаған, "Казахстанская правда" газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеке тілшісі Валерий Александрович Мерцалов ұзаққа созылған сырқаты салдарынан өмірден озды, деп хабарлады тілшісі.

© Photo : CҚО әкімінің баспасөз қызметі"Казахстанская правда" газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеке тілшісі Валерий Александрович Мерцалов
Казахстанская правда газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеке тілшісі Валерий Александрович Мерцалов - Sputnik Қазақстан
"Казахстанская правда" газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жеке тілшісі Валерий Александрович Мерцалов

Валерий Александрович 1950 жылы Челябі облысы Верненский ауданында дүниеге келді. Петропавл педагогикалық институтын тәмамдаған соң 1973-1994 жылдары "Маяк", "Ленинское Знамя" газеттерінде тілші болып істеді. 1994 жылдан бері "Казахстанская правда" республикалық газетінің жеке тілшісі қызметін атқарған.

Раушан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық жас журналист қайтыс болды

Валерий Мерцалов бір айдан кейін 69 жасқа толуы тиіс болатын. Зейнет жасы мен ауыр науқасына қарамастан 25 жыл "Казправда" үшін адал еңбек етіп, жарты ғасыр өмірін журналистикаға арнаған.

Әріптестері оны журналистиканың аты аңызға айналған тілшілерінің бірі деп біледі. Шындығында, Валерий Александрович дана да дара тұлға әрі сөз шебері еді, өзінің салмақты салиқалы пікірі мен қайталанбас "мерцаловтік" стилі бар болатын. Мақалаларында бас кейіпкердің тағдырын әсерлі сипаттайтыны сонша – оқырман да сол жанмен бірге қуанып, бірге қайғыратын. Көмекке мұқтаж жандарға әрдайым көмектесетін Валерий Александрович қалалық мәслихаттың депутаты болған, өйткені оның пікірімен қашан да санасатын.

Валерий Мерцаловтың жарқын бейнесі қазақстандық журналистердің мәңгі жадында қалады.

Жаңалықтар
0