Оқушы

"Өмірі 40 теңге тұра ма": Кондуктор қатты аязда 8 жасар оқушыны автобустан түсірген

788
(Жаңартылды 21:03 28.01.2019)
Оқушының ата-анасы автопарк басшысына шағымданып, кондукторды жұмыстан шығарды

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Оралда кондуктор күннің қатты суық екеніне қарамастан, 8 жасар оқушыны автобустан түсіріп кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы

Орал қаласында №2 автобустың кондукторы 8 жастағы баланы жол ақысын төлемегені үшін қоғамдық көліктен түсіреді. Осы жағдайдан кейін оқушы үйіне жылап келген. Оқиға №31 орта мектеп аялдамасында болған.

"Менің ақшам бар еді. Қалтамнан алайын дегенімде жоғалғанын байқадым. Кондуктор ұрысып, мені түсіріп тастады", — деді Ерасыл есімді оқушы.

Ерасыл Ризаков — үшінші сынып оқушысы. 23 қаңтар күні ол №2 автобусқа отырып үйіне қайтпақ болады. Бірақ жолға төлейтін ақшасын жоғалтып, үйіне бір сағат жаяу жүріп келуге мәжбүр болады. Ата-анасы баласы сабақтан уақытылы келмеген соң алаңдай бастайды. Мұғаліміне хабарласқанда ол Ерасылдың автобусқа отырып кеткенін айтады. Сосын Ерасылды іздей бастайды. Оқиғаның мән-жайын естіген соң оқушының ата-анасы автопарк басшылығына шағым түсірген.

"Кешкі сағат сегіз жарымда ұлым үйге келді. Ол бәрін айтып берді. Кондуктор үшін баланың өмірі 40 теңге тұра ма?" — деді Ерасылдың анасы Сандуғаш Шойынжанова.

Осы шағымнан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, "Орал техникалық қызмет" ЖШС басшылығы кондуктордың кім екенін анықтады. Кондуктор өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта жұмыстан босатылды.

788
Кілт сөздер:
шағым, кондуктор, автобус, оқушы, мектеп, Орал
Тақырып бойынша
Әлеуметтік желіні шулатқан видео: шымкенттік кондуктор не деп ақталды?
Астанада жас қызды елсіз жерде түсіріп кеткен кондуктор жазаланды
Алматыда жолаушылармен төбелескен автобус жүргізушісі мен кондуктор ұсталды
Шымкентте қараусыз жатқан үйде оқушы қызды зорлаған Алматы тұрғыны болып шықты
Талдықорғанда үш оқушы "ақылды аялдаманы" тонап кетті - видео
Оқушы қыз тапаншамен селфи жасаймын деп өзінің бетіне атып жіберді
Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті
Загрузка...