Автобус, архив сурет

Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары мінген автобус жолда қалып қойды

202
(Жаңартылды 10:21 30.01.2019)
Полиция Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарда тәулік бойы патруль жұмысын күшейтті

ПЕТРОПАВЛ, 29 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 50-ден астам Тәжікстан және Өзбекстан азаматын құтқарды. Олар мінген автобус қатты аяз салдарынан бұзылып, жолда қалып қойған, деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Түркістан облысынан Ресейдің Екатеринбург қаласына бара жатқан "Van hool" автобусы Петропавл қаласына кірер жолда тоқтауға мәжбүр болыпты. 54 Тәжікстан және Өзбекстан азаматы тым жеңіл киінген болса керек. Шетелдіктердің қатты аязда тоңып қалуы мүмкін еді, бірақ тоқтап тұрған автобусты патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аға сержанттар Саят Дүйсенбин мен Ерлан Тайланов байқайды.

"Полицейлер жүргізушіге техникалық қызмет көрсету станциясының шеберін табуға, қосалқы бөлшектер дүкенін аралауға көмектесті. Жолаушыларға үй жалданып, олар көлік жөнделгенше сонда күтіп отырды. Үш автопатруль күндіз-түні автобустың қасында күзетіп тұрды. Келесі күні көлік жөнделіп, жолаушылар сапарын жалғастырды", — деп мәлімет берді полиция.

Аяз күндері 15 жолаушы мінген "Scania" автобусы да жолда бұзылып қалыпты. 15 адамның сегізі кәмелеттік жасқа толмаған балалар екен. 

"Бұл хабарды естіген Аққайың және Тайынша аудандарының автопатрульдері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, автобус иесіне хабар беріп, балаларды Тайынша аудан орталығына алып барды. Тайынша ауданы әкімдігінің көмегімен жолаушыларды жергілікті қонақүйге орналастырып, автобус жөнделген соң, жолға шығарып салды", — деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты СҚО полицейлері қала сыртындағы патруль жұмысын күшейтті, олар ахуалды тәулік бойы бақылауда ұстап, жүргізушілерден сұрастырып отырады және кез келген сәтте төтенше жағдайдың алдын алуға дайын.

202
Кілт сөздер:
полиция, қатты аяз, жолдар, автобус, жолаушылар, Тәжікстан, Өзбекстан, Солтүстік Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Қазақстанда қашан күн жылынады
Бір сағат бойы қар астында жатқан бала құтқарылды
Солтүстік Қазақстанда көлік бұзылып, айдалада қалып қойған жолаушылар құтқарылды
Адасып кеткен аңшы екі тәулік жапан далада түнеген
Ақтау қаласы

Ақтауда СОБР қызметкерлері 40 адамды ұстады

2529
(Жаңартылды 20:18 09.08.2020)
Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Мекеме иесі карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында саунаға барған қырыққа жуық адам ұсталды, деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаменті. 

8 тамызда криминалды полиция басқармасы мен СОБР қызметкерлері 23:00-де 22-ші шағын аудандағы саунада тексеріс жүргізді. 

"40-қа жуық адам ұсталды. Полицейлер сшектеуге қарамастан, сауна жұмыс істеп тұрғанын анықтады. 15 кабинада адам болған. Карантин режимін бұзғандарға қатысты 425-бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", -деді департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпарат Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Мекеме иесі Абдурахим Қалимов карантин режимін бұзды деген шешіммен келіспей отыр. 

"Бізде қоғамдық монша емес. Жеке кабиналар ғана бар. Ал соңғысының жұмысына тыйым салынған жоқ. Маңғыстау облысы санитарлық дәрігерінің №35 қаулысында жазылмаған", - дейді "Тумба" басылымы Калимовқа сілтеме жасап.

Полиция департаменті де санитар дәрігердің қаулысына негізделіп отыр.

"Құжатта жеке кабиналар жұмыс істеуіне болады деп жазылмаған. Мұндай жағдай үшін өзге сауна иелері жауапкершілікке тартылды", - деді полицияда.

Сот шешім шығаратын болады.

2529
Кілт сөздер:
адам, қызметкерлер, Ақтау
Тақырып бойынша
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты
Ата-анасынан айырылған ақтөбелік кімдер жауап беруі керек екенін айтты
Мәйітхана қызметкері

Ата-анасынан айырылған ақтөбелік кімдер жауап беруі керек екенін айтты

6001
(Жаңартылды 19:34 09.08.2020)
Тұрғын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған жағдай үшін кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны Юлия Сорока жергілікті "Эврика" газетіне коронавирустан қайтыс болған ата-анасын қалай жерлегенін айтып берді.

"Анамды қаппен жерледік"

Әйел 2020 жылдың маусым айында ата-анасынан айырылды. Ол бастапқыда коронавирус белгілері бар ата-анасын ауруханаға жатқызбағанын айтты. Ал жағдайлары ушыққан кезде стационарға жеткізген. Екеуі де сол жерде көз жұмды. 

Бұдан соң тұрғын мәйітханаға марқұмдардың денесін алып кетуге барған. Сол кезде анасының денесіне "хлорка" себілгенін көрді.

Айтуынша, әкесінің денесі тоңазытқышта емес, еденде жатқан. 

"Әкеме біз әкелген киімді кигізуге келісті. Ал анамды қапқа салып, үстіне хлорка сепкен. Неге олай болды? Коронавирус тесті оң болғандықтан, осылай істеп отыр. Әкемде ковид расталмаған еді. Сондықтан әкемді киіндіріп, дәстүрге сай жерледік. Ал анамды қаппен жерледік", - деді Юлия Сорока "Эврика" басылымына. 

Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын жауапқа тартқысы келетінін айтып отыр. 

"Анамның жағдайы ушыққаны үшін, дер кезінде жанында медицина қызметкері болмағаны үшін, жерлеуге қатысты нақты талапты ешкім айта алмағаны үшін жауап берулері керек", – деді тұрғын.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров кейбір қызметкерлердің кәсіби біліктілігі төмен болғаны үшін кешірім сұрады. 

Жағдай тексеріліп, қызметкерлердің әрекетіне баға берілетінін айтты.

6001
Кілт сөздер:
ата-ана, тұрғын, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды
Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды – видео
Шығыс Қазақстан полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады
Астана көрінісі

Елордада 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара өтпейтін болды

915
(Жаңартылды 21:12 09.08.2020)
Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Marathon (@astana42k)

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019-дың 10 шақырымын жүгіріп өткен болатын.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.

915