Сот балғасы

Алматыда елімізге танымал әнші 6 жылға сотталды

596
(Жаңартылды 20:47 31.01.2019)
Гауһар Әлімбековаға алаяқтық жасады деген айып тағылды

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Әнші Гауһар Әлімбекова алаяқтық жасады деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі.   

Сот алдында екі әйел –  2016 жылы 6 жыл 8 жылға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева мен танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова жауап берді.

Сот барысында анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде еткен, алайда уәдесін орындамай, ақшаны қайтармай қойған.

30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен  Феруза Ордабаева 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол бұған дейін де сотталып, жазасының бір бөлігін әлі өтемеген болып шықты. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР заңына сәйкес, оның жаза мерзімі 3 жыл 6 айға дейін қысқартылған. Нәтижесінде Ордабаева 7 жылға сотталды.

Гауһар Әлімбекова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді. Қазіргі уақытта үкім әлі күшіне енген жоқ.

 

596
Кілт сөздер:
әнші, Гауһар Әлімбекова, Алматы
Тақырып бойынша
"Әнші қыздардың бірі": Мақпал Жүнісова бағалы әшекейлерін кім ұрлағанын айтты
"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті
Әнші Бүркіт: Біреуіміз аяғымыз шалынып құласақ, бәріміз жатып күлетін күнге жеттік
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар" немесе қазақ мәдениетіндегі аш бала кім, тоқ талант кім?
Загрузка...