Боран

Қатты аяз және боран: ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

994
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жариялады

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, батыс пен оңтүстік облыстарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Сонымен бірге республиканың солтүстігінде күн суытады. Кей аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғып, жел ұйытқиды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада жұма күні күндіз ауа температурасы 17 градус аяз, түнде – минус 26 градус. Көшпелі бұлтты.

Алматыда қар қалың түседі, күндіз ауа температурасы 3 градус жылы, түнде – 9 градус аяз.

Шымкентте 1 ақпанда ауа температурасы 7 градус нөлден жоғары болады, түнде минус 2 градусқа дейін суытып, күн ала бұлтты болмақ.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында синоптиктер тұман түседі, көктайғақ болады деп болжайды, түнде желдің екпіні 20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде желдің екпіні 20 м/с.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде боран соғады, желдің екпіні 20 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі, Ақмола облысында күндіз боран соғады, Түркістан облысында күндіз қатты жел соғады – 20 м/с.

Жамбыл облысында боран соғады, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні – 20 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде қатты аяз.

Дабылды ескерту

Жұма күні Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде қар қалың жауады. Өңірде боран соғып, желдің екпіні 28 м/с болады.

Бірінші ақпанда Қызылорда облысында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с.

994
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, ақпан, ауа райы болжамы
Загрузка...