Жедел жәрдем

Ақмолалық дәрігерлер 7 баланың анасын өлім аузынан алып қалды

179
Әйел адам жетінші сәбиін босанған кезінде жағдайы күрт нашарлап, өміріне қауіп төндірген

КӨКШЕТАУ, 1 ақпан – Sputnik. Ақмола облысының дәрігерлері жеті баланың анасы – 36 жастағы әйелді өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлады "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ өңірлік филиалы.

Жетінші сәбиіне аяғы ауыр Степногор тұрғыны мерзімінен бұрын толғағы келіп, ажал аузынан қалды – босану кезінде бауыр-бүйрек қызметінің жетіспеушілігі туындап, тромбоцит көрсеткіші түсіп кеткен, соның салдарынан қан кетуі мүмкін еді, сондай-ақ әйелдің қан қысымы да көтеріліпті.

Әйелді ауыр халде санитарлық авиация көмегімен №2 Ақмола облыстық ауруханасына жеткізді. Жергілікті дәрігерлер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, "Астана" медициналық университеті акушерлік және гинекология кафедрасының мамандарымен кеңесе отырып, науқастың өміріне араша түсті.

Облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Қожағапарова айтқандай, мұндай қиын жағдайдың 75%-ында ана өлімі болады.

Семейство Хонай из Степногорска: мать семерых детей врачи чудом спасли после преждевременных родов
© Photo : НАО "Фонд социального медицинского страхования"
Хонайлар отбасы: 36 жастағы ана жетінші сәбиін дүниеге әкелді

Қазір ана мен баланың денсаулығы жақсы, ауруханадан шыққан.

"Санитарлық авиация мен аурухана дәрігерлеріне алғысымыз шексіз, әйелімді аман алып қалдыңыздар. Қандай күйге түсер едік, тіпті елестете де алмаймын: жеті баламыз бар, тұңғыш қызымыз 14 жаста, кенжеміздің жасы бірде, енді міне жаңа туған ұлымыз бар. Зор қайғының алдын алдыңыздар, анамыз үйге оралды. Көптен-көп рахмет", - деп отағасы Жәнібек Хонай ақ халаттыларға алғысын жаудырды.

Қазақстандағы ана өлімі деңгейі

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде президент алдында қорқынышты үрдіс жайында сөз қозғаған болатын – ана өлімінің деңгейі түспей тұр. Он жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,6 есе төмендесе, 2018 жылы небәрі 5,4%-ға азайған.

Досаевтың айтуынша, 2019 жылдың қаңтарында әйелдердің денсаулығын жақсарту, медициналық ұйымдарды керекті құралдармен қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлерді жаппай оқыту бойынша кешенді жедел жоспар бекітілген.

Астанадағы ана өлімі

2018 жылы Астана перзентханаларында кем дегенде жеті әйел көз жұмды: басым көпшілігі – №1  перинаталдық орталықта. Дәрігерлер жас босанған әйелдердің өліміне денсаулығының төмендігі мен босанғаннан кейінгі асқыну себеп болды дейді.

2018 жылдың қазанында, дәрігерлер дертке шалдыққан сегіз әйелді құтқарғандарын мәлімдеді.

2016 жылы Астанада үш әйел қайтыс болса, 2017 жылы екі ана көз жұмған.

179
Кілт сөздер:
дәрігерлер, Көкшетау, көпбалалы отбасы, жүктілік
Тақырып бойынша
Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды
"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел көз жұмды
Қарағанды облысында жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Загрузка...