Өңірлер

Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында ауа температурасы климаттық нормадан сәл төмен болады

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері ақпан айына консультативтік ауа райы болжамын жариялады.

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қатты аяз және боран: ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Метеорологтардың сөзіне сүйенсек, ақпан айының алғашқы он күнінде атмосфералық фронттардың жиі өтуіне байланысты ауа райы бұзылуы мүмкін. Елімізде жауын-шашын болып, кей жерде мол түседі, желдің екпіні 15-25 м/с-қа жетеді. Республиканың солтүстігінде боран соқса, оңтүстікте тұман және көктайғақ болады. Бірінші онкүндіктің ортасына қарай Батыс Сібір жақтан антициклон келіп, күн суытады:

  • батыс және солтүстік-батыс өңірлерде – түнде 20…30 градус аяз, күндіз 15…23 градус нөлден төмен;
  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде – түнде  33…43 градус аяз, күндіз —25…33 градус;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде – түнде  18…28 градус нөлден төмен, күндіз —5…15 градус;

Астролог ақпан айына болжам жасады: кімді не күтіп тұр?

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, осы антициклонның әсерінен алғашқы екі онкүндікте күн суық, бірақ жауын-шашын аз болады, ара-тұра белсенді циклондар мен атмосфералық фронттарға байланысты күн бұлттанып, жауын-шашын түседі.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"40 градус аяз": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Жалпы айтқанда, еліміздің басым бөлігінде бір ай ішінде орташа ауа температурасы нормадан 1…2°С төмен болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ғана климаттық нормаға жақындайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде нормадан аз болады, ал Қазақстанның қалған аймақтарында нормаға жақын және одан жоғары болуы ықтимал.

Ақпан айынан бастап пойыз билеттері арзандайды

Жаңалықтар
0