Рассмотрение ходатайства следствия об аресте подозреваемых в перестрелке в Москва-Сити

Маңғыстау облысында басқарма басшысы қамауға алынды

503
Жуырда ғана ұсталған Нұрбек Қарабалаев ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Ақтау мамандандырылған тергеу соты пара алды деген күдікпен Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысын қамауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Нұрбек Жұмабекұлы Қарабалаевқа қатысты он тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау қанағаттандырылды", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

29 қаңтарда  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Нұрбек Қарабалаевты ұстаған болатын.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, басқарма басшысы ірі көлемде пара алған. Шенеунікке заңсыз сыйақыны кім және не үшін бергені нақтыланбады.

Нұрбек Қарабалаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына 2017 жылдың соңында келді.

Бұған дейін, 2006 жылы қарулы күштердегі қызметін аяқтағаннан кейін Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінде жұмыс істеді.

2013-2017 жылдары "NAIZA FIGHTER" кәсіби спорт клубын басқарған. Басқармаға басшылық қызметке тағайындалар алдында, 2017 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

503
Кілт сөздер:
жемқорлық, басқарма басшысы, шенеунік, Маңғыстау облысы, пара
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео
Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінде ұсталды – видео
Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды
Нью-Йоркте қазақстандық қыз ұсталды
Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды
Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды
Загрузка...