Пойыз

Қазақстанда жолаушылар пойызы қатты аязға байланысты станцияға қайта оралды  

361
Қызыл шұнақ аяздың салдарынан "Жолаушылар тасымалы" АҚ шұғыл шара қабылдауға мәжбүр болды  

АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Қызылорда – Астана бағытындағы пойыз қатты аязға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Күрделі ауа райы жағдайына – 35 градус аязға байланысты Астана – Қызылорда бағытындағы №92 пойызды Айса стансасында тоқтатып, оны Қарағандыға қайтаруға шешім қабылданды.  

Тасымалдаушы компания барлық жолаушы қалаға келген соң билетін қайтарып, 100% құнын өндіріп алатынын хабарлады. Қызылордаға сапарын жалғастырғысы келетіндер Астана - Сарыағаш бағытындағы №86 пойызға отыра алады. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін бұл құрамаға алты купе вагон қосылды.

Қарағанды стансасында қайтарылған билеттерді қабылдауға қосымша кассирлер жұмысқа шығады. Олар Астана - Сарыағаш немесе өзге пойыздармен сапарын жалғастыруға келіскен жолаушыларға билетті қайта рәсімдей алады.    

Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі құрамадағы жолаушылар үшін тегін тамақ беріліп, бар жағдай жасалатынын атап өтті.

361
Кілт сөздер:
пойыз, аяз
Тақырып бойынша
Астанада сұрапыл аяз: Елорда әкімі жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды
Қазгидромет ескертеді: Қазақстанға қатты аяз келе жатыр
"45 градус аяз": алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

227
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

227
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

346
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

346
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы