Өңірлер

"Ұят та болса айтайын..." Алматыда құрылысшылар басшыларының зәресін алды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСтроительство жилых комплексов. Архивное фото
Строительство жилых комплексов. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалақы алмаған құрылысшылар басшыларының кеңсесіне басып кірді  

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда психоневрологиялық интернаттың кірпішін қалап, сыртын әктеп-сырлаған құрылысшылар жарты жылдан бері маңдай тер ақыларын ала алмай сабылып жүр.

Мердігер компания 400-ге жуық жұмысшыға 40 миллион теңге берешек. Құрғақ уәдеге тойған құрылысшылар ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернаттың құрылысын тоқтатып тастады. Олар қаржыдан қысылып, қадіріміз қашты деп қынжылады.

Полицей көлігі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Ұста, жібермеңдер!" Алматыда алданған жұрт кеңсеге басып кірді

"Уәде бергелі міне бір айдан асты. Бала-шағамыз аштан аш отыра ма? Барлығымыз да несие бар, пәтер жалдаймыз. Ұят та болса айтайын, жолыма ақшаны көршімнен жалынып отырып алдым", - дейді бригадир Қайролла Османов.

Ал жұмысшы Гүлнұр Толдыбаева жүйкесі сыр бере бастағанын айтып, моралдық шығын талап етті.

"3 баламмен патерде тұрамыз. Қиналып кеттік".

Төзімі таусылғандар бүгін құрылыс компанияның кеңсесіне баса-көктеп кірді. Есік алдында тұрған күзетшілер де ашуға булыққан жұртқа бөгет бола алмады, деп хабарлады КТК.

Жұмысшылардың айғайынан зәре-құты қашты ма, әйтеуір директордың орынбасары әрең дегенде сыртқа шықты. Басшылық бар гәп бас мердігер компанияда дейді.

"Қыркүйектен бастап бізге ақша аударылмады. Біз ол компанияға сеніп отырған жоқпыз. Өз техникаларымызды несиеге беріп, осы кісілерден қарызымызды құтылмақшымыз", - деп жұртты сабырға шақырды "Ramco-Construction" ЖШС директорының орынбасары Өміржан Ерболатұлы.

Ақыл-есі кеміс балаларға арналған интернатты салуға "Универсал Б" компаниясы тендер ұтып алған. Қала қазынасынан қыруар қаржы да бөлінген. Алайда, құрылыспен бас қатырғысы келмеген бас мердігер қосалқы құрылыс компаниясына жүгінеді. "Сайып келгенде, өзіміз де алдандық" деген бас мердігер компания бәрін реттейміз деп ант-су ішті.

Ер адам дауыс зорайтқышпен сөйлеп тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Әбден ашынған оралмандар Алматыда бейбіт шеру өткізуге рұқсат сұрады

"Ақшаларын аударғанбыз. Бәрін бітіріп бергенбіз. Бұл құрылысшылар қосалқы мердігер компаниямен келісімшартқа отырған ғой. Енді жауапкерлікті өзімізге аламыз. Жалақыларын береміз. Ал өзге компаниямен өзіміз соттасамыз. Ол біздің шаруа", - деп түсіндірді "Универсал Б" ЖШС директоры Ерлан Жүнісбаев.

Екі мердігер компанияның текетіресінен қарапайым құрылысшылар сабылып, жарымжан балалар жаңа мекемеге кіре алмай отыр.Жұмыс берушілерден көңілі қалғандар уәде орындалмаса, прокуратура мен еңбек енспекциясына арыз жазамыз деп тарқасты.

Жаңалықтар
0