пышақ

Жамбылда әйелі мен баласын бауыздап тастаған қаскөй жазадан құтылып кетті

2011
(Жаңартылды 20:37 10.02.2019)
Сот үкімімен 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны ұзақ мерзімге емделуге жіберілді

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Жамбылда әйелі мен баласын бауыздаған қаскөйге сот үкім кесті. Алайда өз шаңырағын ортасына түсірген 55 жастағы азамат жазадан құтылып кетті.

Оның психикасында ауытқуы бар деп тапқан судья, қылмыскерді ұзақ мерзімге емделуге жіберді.

"Сараптамада  оның есі дұрыс еместігі анықталды. Оны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатып, аталған қылмыстық істі қысқартты және қылмыстық кодекстің 93-бабының талаптарына сәкес аталған тұлғаны медициналы мәжбүрлі түрдегі шараны қолдану туралы қаулы етті", — деді судья Ләззат Ілиясова.

Сот залына сотталушы жеткізілмеді. Оның сенімді өкілі ретінде туысы қатысты. Жәбірленуші жақтан 52 жастағы марқұм әйелдің туған інісі келді. Ол бұл үкіммен келісетін тәрізді. Өйткені апелляциялық шағым түсірмейді. Белгілі болғаны, сотталған азамат ұзақ жылдан бері эпилепсиямен ауырған, деп хабарлайд КТК арнасы. 

Уақытылы емделмегесін оның сырқаты асқынып, жүйкесі тозған. Дәрігерлерге қаралмаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны 30 жыл отасқан әйелі мен 29-дағы баласын бауыздап тастаған еді.

2011
Кілт сөздер:
сот үкімі, қылмыс, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Жантүршігерлік оқиға: әйел адам құрбысын қызғаныштан бауыздап өлтірді
Жас келіншек қыздардың фотосына лайк басқан сүйіктісін пышақтап тастады
Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады
Ақтөбе тұрғыны ұлын әйелінің көңілдесі екен деп ойлап, пышақтап тастады
Қызылордада полицей қайын әпкесін пышақтап тастады
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Загрузка...