Мұсылман қыз

"Орамалды неге шешуі керек?" Ақтөбе тұрғыны қызының әуретін ашпайтынын айтты

531
(Жаңартылды 17:22 10.02.2019)
Ақтөбеде орамал таққан он оқушы жарты жылдан бері мектепке бармаған

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Ақтөбеде орамал таққан он оқушы мектепке бармай жүре берсе, келесі сыныпқа көшірілмеуі мүмкін. Қалалық білім бөлімінің мамандары осылай деп отыр.

Оқу жылы басталғалы сабаққа келмеген қаладағы нөмірі 31, 60, 55 және 8 мектептің оқушылары. Бұған дейін мектеп формасын сақтамай, орамал таққан 43 оқушы қыз келмеген еді. Қыздарын мектепке жібермеген он тоғыз ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар бес айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Десе де кейбір оқушылардың ата-аналары райларынан қайтар емес. Олар балаларын басқа қаладағы жеке мектепте оқытпақ, деп хабарлады "Астана" арнасы.   

"Британиялық мектепке беремін деп тұрмын ғой. Онда тек ғана қыздар оқиды. Сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Біз орамал шешілмейді деген ұстанымдамыз. Орамал неге шешілуі керек? Шешсе, әурет болып саналады. Біз оған келісе алмаймыз", - дейді қала тұрғыны Кенжебек Азанқұлов.

Қазір мектепке келмей отырған балалардың дені алтыншы және сегізінші сыныптың оқушылары. Арасында бастауышта оқитын балалар да бар.  

Тағы оқыңыз: Мектепке хиджабпен кіргізбей қойған: Ақтөбелік ата-аналар жанжал шығарды

"Білім беру саласында мемлекеттік стандарт орындалуы қажет. Басқа жерден алған білім ол мемлекеттік стандартты орындаған болып есептелмейді. Сондықтан да білім беру мекемесінде міндетті түрде бала білім алу керек. Бір кластың мемлекетпен бекітілген стандартын аяқтаған бала сол класты аяқтаған болып есептеледі. Келесі класқа педагогикалық кеңестің шешімімен көшіріледі", - дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиева. 

531
Тақырып бойынша
Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды
Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Қазақстанда мектепте хиджабпен бірге "мини-юбка" киюге тыйым салынбақ
Загрузка...