Сот балғасы

Актрисаның қазасы: күдіктінің жанында отырған жолаушы оқиғаны баяндап берді

1676
(Жаңартылды 08:19 13.02.2019)
Бірнеше адамды басып өлтірген Геленваген жүргізушісі сот алдына келді

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Алматыда Гелендваген көлігімен 4 адамды қаққан жүргізушіге қатысты сот отырысы басталды. Басты күдікті  Ілияс Кар алғашқы сот процесінде өзіне тағылған айыптың жартысын ғана мойындады. 3 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты куәгерлер шақырылды. 

Прокурорлар Ілияс Карға  2 бап бойынша айып таққан. Алайда 33 жастағы күдікті ішімдік ішіп, көлік тізгіндеді деген айыппен толық келіспейді.

"Өз айыбымды ішінара мойындаймын. Мас болды дегеп айыппен келіспеймін. Сонымен қатар, оқиға орнына кетіп қалды деген 374 баппен де келіспеймін. Мен сол жерде болдым. Ешқайда кеткен жоқпын", - деп мәлімдеді Ілияс Кар.

Жаңа жылдық отырыстан шыққан Ілияс Кар жол талғамайтын көлігімен Абай мен Сейфуллиннің қиылыстарында Мицубисиді бүйірден соғып, қарсы жолға шығарды. Тергеушілер оның ішімдік ішіп, жылдамдықты асырғанын алға тартады. Сол күні күдіктінің қасында болған туысы оны жоққа шығарып отыр, деп хабарлады КТК.  

"Біз алдымен Жандосов-Айманов көшесіндегі "Дархан" мейрамханасына отырып, түнгі 1-ден кейін Жаңа жылдық отырысты "Гранд Операда" жалғастырдық. Ілияс мүлдем спирттік ішімдік ішкен жоқ. Тілек айтқанда тек кола ішкенін көрдім. Жалпы ол соңғы 2 жылда мүлдем спирттік ішімдіктен бас тартты. Себебі, онкологиялық аурудан емделіп Израильге барып келген", - дейді куәгер, Кардың туысы Таласан Қали. 

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 29 желтоқсанында  таңғы 5-тер шамасында болған. Салдарынан Мицубисиді тізгіндеген жүргізушімен қоса, белгілі актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы қайтыс болды. Апаттан тірі қалған төртінші адам ем қабылдауда.

Марқұм Шолпан Елгезекованың анасы соттан айыпталушыға ең ауыр жаза тағайындауды сұрады. 

"Менің балапанымды басып өлтірген адамды кешірмеймін. Ондай адамға кешірім болмайды. Бір емес, үш адамды өлтіріп отыр. Мен 40 күн жыладым. Сөйтіп көзімнен айырылдым. Қазір бір көзімнен жас мүлдем тоқтамайды", - дейді актрисаның анасы Гүлжаһан Заманбек.

Тағы оқыңыз: Алматы полициясы Шолпан Елгезекованың қазасына қатысты мәлімдеме жасады

1676
Кілт сөздер:
актриса, жол апаты, Шолпан Елгезекова
Тақырып бойынша
Алматыдағы актриса көз жұмған жол апаты: жүргізуші мас болған
Шолпан Елгезекова туралы не білеміз?
Алматыда актрисаның қаза болуына байланысты ІІМ түсініктеме берді
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

48
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

48
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты 
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

2218
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

2218
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды