Шымкенттегі төңкерілген үй

Үйдің төбесінде тұрғандай сезінесің: Шымкенттегі төңкерілген үй - фото

5567
(Жаңартылды 20:34 13.02.2019)
Саябақта фотосалон ретінде ашылған төңкерілген үйді тамашалауға келетіндер көп

ШЫМКЕНТ,13-ақпан – Sputnik. Шымкент қаласының орталығындағы "Қиял әлемі" саябағында төңкеріліп салынған екі қабатты үйді тамашалап келіп, суретке түсушілер көбейген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңадан ашылған үйге келген Жанар есімді келіншек ішіне кіргенде аздап басы айналғанын сезген.

"Бұрын шетелдегі осыған ұқсас үйді әлеуметтік желілерден көретін едік. Өзімізде ашылған соң барып көріп келейік дедік. Бәрі теріс дүние, әсері керемет", - дейді ол.

Төңкерілген үйді күніне 100-150 адам келіп тамашалайды
© Sputnik / Дилара Иса
Төңкерілген үйді күніне 100-150 адам келіп тамашалайды

Саябақтың бір шетінде орналасқан үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар бар. Қызығы, бірінші қабатта үйдің екінші қабаты тұр. Онда балалардың екі бөлмесі мен балкон орналасқан.

Шымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған
© Sputnik / Дилара Иса
Шымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған

Ал екінші қабатта керісінше бірінші қабаты тұр. Кіреберіс есіктегі қоңыраудан бастап үй температурасын өлшейтін құрылғыға дейін теріс орналастырылған. Мұнда холл, асхана, жатын және жуынатын бөлме, дәретхана, балкон бар.

Шымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған
© Sputnik / Дилара Иса
Шымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған

Төңкерілген үйдің қызметкері Рамазан Боралбайтың айтуынша, бұл үй фотостудия ретінде ашылған. Үйге кіргенде күнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі екен.

Күнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Кейбір келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі
© Sputnik / Дилара Иса
Күнделікті көз үйренген көрініс төңкеріліп көрінеді. Кейбір келушілердің басы айналып, құлап бара жатқандай күйге түседі

"Келушілерді қызықтыратын басты дүние – өзіңді үйдің төбесінде тұрғандай сезіну. Фантастика", -   дейді ол.

Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
© Sputnik / Дилара Иса
Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр

Ол төңкерілген үйде күнделікті өмірдегі барлық затқа мән берілгенін айтады. Келушілердің барлығы дерлік суретке түседі. Кіру бағасы – 1500  теңге. Тамашалау уақыты шектеусіз. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін.

Шымкенттегі төңкерілген үй фотостудия ретінде ашылған
© Sputnik / Дилара Иса
Шымкенттегі "төңкерілген үй" фотостудия ретінде ашылған

"Әлі күнге үй жаңа жылдық безендірумен тұр. Әр мерекеге сәйкес үйді безендіреміз. Келушілер көп. Күн жылынғанда, демалыс күндері келушілер көбейеді. Орташа есеппен күніне 100-150 адам тамашалайды", - дейді Рамазан Боралбай.

Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
© Sputnik / Дилара Иса
Төңкерілген үйде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар мен жиһаздар тұр
Әр мерекеде үй безендіріледі
© Sputnik / Дилара Иса
Әр мерекеде үй безендіріледі
Үйге кіру бағасы – 1500  теңге. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін
© Sputnik / Дилара Иса
Үйге кіру бағасы – 1500 теңге. Мүгедектер, үздік оқитындар мен бес жасқа дейінгі балаларға тегін
5567
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
"Тәтті" төтенше оқиға: бір тонна еріген шоколад көшеге ағып кетті - фото
Аяғы пілдікіндей: маса шаққан жігіт қорқынышты дертке шалдықты - фото
Стамбулда алты қабатты үй қирады: тұрғындар үйінді астында қалған - видео
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

136
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

136
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

106
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

106
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды