Өңірлер

Қырық рет аттаған: Өскемендік әйелдің біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Әйел кіреберіс есіктің табалдырығынан 40 рет қайталап аттап, түкіріп жіберген

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Өскемендегі мекемелердің бірінде белгісіз әйелдің оғаш қылығы бейнекамераға түсіп қалды.

Оқиға 13 ақпан күні болған. Облыстық достық үйіндегі ішкі бақылау камераларына түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бейнежазба авторлары "біртүрлі" әйелдің кіреберіс есіктің табалдырығынан 40 рет қайталап аттағанын айтады. Бұдан кейін ол түсініксіз  сөздер айтып түкіріп, асығыс кетіп қалған, деп хабарлады Алтайньюс.

Орталықтың қызметкерлері бейтаныс әйелді іздеп тауып, іс-әрекетінің себебін түсіндіруді талап етпекші. Осы мақсатта бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған екен.

Жаңалықтар
0