Құтқару көлігі

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды

98
Құтқарушылар қарға батып қалған көліктерді шығару үшін жолды күреп, қардан тазалауға мәжбүр болды

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Қостанай облысындағы Арқалық – Жезқазған жолында екі көлік батып қалды, онда барлығы 14 адам болған.

Toyota Corolla мен "Газель" жолдың 60-шы километрінде, Жалғызтал ауылынан 15 шақырымдай жерде қар құрсауында қалыпты, деп жазады alau.kz өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Арқалық құтқарушыларының екі тобы мен жолды күрейтін арнайы техника қаладан аттанып, қар басып қалған жолды күреп, көліктерді сүйреп шығарды.

Тәжікстан мен Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды

Құтқарушылар көлік жүргізушілерін қардан тазартылған жолға шығарып, Арқалыққа дейін бірге барды.

Қар құрсауында қалған көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына медициналық көмек қажет болмады.

Павлодар облысында жолда қалған өзбектер құтқарылды

98
Кілт сөздер:
қар, көліктер, төтенше жағдай, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Алматы маңындағы тау бөктерінде аяғын сындырған ресейлік әйел құтқарылды
Бесінші қабаттағы балконнан салбырап тұрған бала құтқарылды - видео
Өскеменде өз-өзіне қол салмақ болған әйел құтқарылды - видео
Алматыда өртеніп жатқан үйден 70 адам құтқарылды
Солтүстік Қазақстанда көлік бұзылып, айдалада қалып қойған жолаушылар құтқарылды
Бір сағат бойы қар астында жатқан бала құтқарылды
Загрузка...