Деньги, архивное фото

Амандық Баталов: Көп балалы отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі

9402
(Жаңартылды 16:37 18.02.2019)
7-20-25" бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға арналған екі көп қабатты үй салынады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 ақпан — Sputnik. Алматы облысында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға "7-20-25" бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны субсидиялау үшін 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты беріледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.   

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХV конференциясында облыс әкімі Амандық Баталов халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету үшін 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты берілетінін хабарлады. "7-20-25" бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға арналған екі көп қабатты үй салынып, облыс орталығы жанындағы коттедж қалашығында салынатын 156 коттедж бөлінеді.

Сондай-ақ облыс әкімінің білім гранты көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 100 грантқа көбейтіледі. Осы санаттағылар үшін инвесторлар есебінен газды үйге қосу құны төмендетіліп, олардың үйлеріне газ датчиктерін тегін орнату үшін қаражат қарастырылады.

Белгілі болғандай, аудандар мен қалалардың барлық әкіміне өз аумағында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың өкілдерін қабылдау және олардың қандай проблемасы бар екенін анықтау тапсырылды.

"Көмекке мұқтаж отбасылар туралы толық ақпарат алып, оларға нақты қандай қолдау қажет екенін білген бойда, осы деректер негізінде Әлеуметтік жол картасын дайындаймыз. Осы картаны басшылыққа ала отырып, негізінен осы бағытта жұмыс істейміз", - деді А.Баталов.

Облыс әкімі атап өткендей, қабылдаулар нақты оң нәтиже беруі тиіс.

9402
Тақырып бойынша
Шымкентте көп балалы отбасыларға берілетін көмек 100 мың теңгеге көбеймек
Көп балалы аналар Қызылорда әкімдігіне жиналды – видео
Талғарда моншада тұрып келген көп балалы отбасыға кәсіпкер үй алып берді
Астанадағы көп балалы отбасылар мәселесі: Сұлтанов бірқатар шешім ұсынды
Загрузка...