сәби

Алматы облысында нәрестені пакетке салып, шарбаққа іліп кеткен

2153
(Жаңартылды 17:19 18.02.2019)
Жұп-жұқа мойынорағышқа оралған сәбиді пакетке салып, шарбаққа іліп кеткен, оны тауып алған ауыл тұрғындары жедел жәрдем мен полиция шақырды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 ақпан — Sputnik. Алматы облысының полицейлері Түрген ауылының көшелерінің бірінде табылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

12 ақпан күні Есік қаласының ауруханасына жеткізілген тастанды бала жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Нәрестені Түрген ауылының тұрғындары жер үйдің маңынан тауып алады. Жұп-жұқа мойынорағышқа оралған сәби полиэтилен пакеттің ішінде болған. Оны әлдекім шарбаққа іліп кетіпті. Тұрғындар сәбиді жылытып, жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды.

Алматы облысының полициясы бұл ақпаратты растап отыр.

"Полиция қызметкерлері табылған баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Сондай-ақ аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық заңнамасының 119-бабы "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іспен Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары айналысады" - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Есік ауруханасының дәрігерлері сәбидің денсаулығы жайлы айтып берді.

"Сәби – қыз бала, салмағы 2 500 грамм, бойы 49 сантиметр. Ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болатын, нәресте енжар, қатты тоңған, дене температурасы 34 градус. Сәбилерге арналған жансақтау бөліміне келіп түсті. Қазіргі таңда жағдайы орташа, нәрестелердің сары ауруы мен конъюнктивиттен ем алуда. RW және ВИЧ-ке анализ алынды",- деді Есік перзентханасының меңгерушісі Гүлнар Мамырбекова.

Баланың құжаттарын ресімдеумен аудандық әкімдіктің қамқорлық бөлімі айналысып жатыр. Құжаттар дайын болып, қыз бала ем қабылдап болған соң ол Шелек сәбилер үйіне жіберіледі.

2153
Кілт сөздер:
нәресте, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін туғызды
Астанада Қазмедиа орталығы маңында күдікті пакет табылды
Өскемен тұрғыны көшеден шақалақтың мәйіті салынған пакет тауып алды
Астанада аялдамада жатқан пакет жұртты дүрліктірді
"Басына пакет кигізіп, түнімен қорлады". Ақтөбеде полицейлерге қатысты тергеу басталды
Загрузка...