Өңірлер

"Ол топас" Жұмысшыларын тілдеген директор орынбасарының масқарасы шықты

CC0 / / Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото
Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тазалық" мекемесі директорының орынбасары полиция қызметкерін қорқытпақ болды

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Алматы облысында әкімдіктің атын жамылып, тәртіп сақшыларына сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды. 

Полицей - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жаңа жылмен құттықтаймын деп басы бәлеге қалған полицей жұмыстан қуылды
Қаскелең полициясы түнгі рейд барысында мемлекеттік нөмірі мен көлік бортындағы нөмірі сәйкес келмеген газелді тоқтатқан. Жүргізушінің құжаты жоқ, ал жанындағы досы ішімдікке сылқия тойып алыпты. Онымен қоймай, Қаскелең қаласының әкіміне қоңырау шаламын деп, тәртіп сақшыларына сес көрсеткен.

Көліктің кілтін бермеймін деп қиғылық салған жігіт ақыры өзі айтқан "әкіміне" қоңырау шалды. Тұтқаны алған адам полиция қызметкерін қорқытайын деді ме, әйтеуір қалалық әкімдіктенмін, бұл қызметтік көлік деп ағынан жарылды.

 Өзін Асқармын деп таныстырған ол сөзінің сенімсіз шыққанын сезді ме, іле-шала көлік тұрағына жетіп келді. Полиция қызметкерлеріне әкімдіктің жұмысымен жүрміз деп ақталды. Шешілмейтін мәселе жоқ деп келісуге де талпынды. Алайда еш нәтиже шықпаған соң: "Ол жұмысшы. Заңды, ештеңені білмейтін нағыз топас", - деп өз жұмысшыларын бір сыбап алды.

Ал Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бұл жанжалға менің де, қарамағымдағы қызметкерлердің де қатысы жоқ деп отыр.  Бірақ ол адамды танитынын жасырмады, деп хабарлады КТК.

"Ол кісінің де аты Асқар. Бізде жұмыс істемейді. Жігіттердің де бізге қатысы жоқ. Әкімдік деген жазуды заңсыз қолданған. Ол Қаскелеңнің тұрғыны. Сырттай көріп жүреміз", - дейді Қаскелең қаласының әкімі.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде тұрғындардан көлігімен қашқан полицей жұмыстан қуылмақ
Әкімнің сырттай көріп жүреміз деген адамы "Тазалық" мекемесі директорының орынбасары болып шықты. Кез келген мәселенің тігісін жатқызамыз деп кеуде соққан оны басшысы дереу жұмыстан қуатынын айтады.

"Ол расымен менің орынбасарым Асқар Берісов. Біздің жұмыспен жүретіндей тапсырма берілген емес. Ана жігіттер оның танысы ма, білмеймін. Ондай көлік те, жұмысшылар да жоқ бізде. Мұндайды мен кешірмеймін. Жұмыстан кетірткіземін", - деп ашуланды  "Тазалық" ЖШС директоры Болат Туғамбаев.

Ал заңға бағынғысы келмеген жұмысшылар әкімшік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0