Пассажиры заходят в автобус

"Туыстарын іздеп жатыр" Шымкентте автобуста зейнеткер көз жұмды

1774
Полицейлер егде жастағы әйелдің туысқандарын іздестіріп жатыр

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Шымкентте зейнеткер әйел қоғамдық көлікте көз жұмды, деп хабарлайды elitar.kz.

Зейнеткер авобуста өзін жайсыз сезініп, есінен танған. Сегіз минуттан келген жедел жәрдем бригадасы әйелдің өлімін тіркеді.

Қартаң әйелдің қасында ешкім болмаған, құжаттары мен телефоны да жоқ.

Автобус жолаушысының мәйіті полицейлерге тапсырылды. Әйел шамамен 74-75 жаста болған.

"Туысқаным жоғалды деп әзірге ешкім жүгінген жоқ, қазіргі таңда әйелдің неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Туысқандары мен жақындарын да іздестіріп жатырмыз", - деді полицейлер.

1774
Кілт сөздер:
автобус, зейнеткер, Шымкент
Тақырып бойынша
Аурудың үстіне ауру жамаған: Астанада гангренамен жатқан сәби көз жұмды
Қазақстанға бет алған ұшақта жолаушы көз жұмды
Дәрігерлер қателесіп сау аяғын кесіп тастаған зейнеткер көз жұмды
Астана әкімінің халықпен кездесуі: зейнеткер үстіне бензин төгемін деп қорқытты
Оралда зейнеткер 57 жылдан бері көрмеген ұлын іздеп жүр
Ресейде комаға түскен қазақстандық зейнеткер есін жинады
"Дәрігерлер шарасыз еді": Жезқазғанда жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды
Шетелде жүрген шымкенттік жігіт тікелей эфирде көз жұмды
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

15
(Жаңартылды 23:14 25.05.2020)
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында 26 мамырда күн күркіреп, бұршақ жауып, шаңды жел болады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады, желдің жылдамдығы - 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық. Плюс 37 градус, күн күркірейді.

26 мамырда Түркістан облысында шаңды дауыл, желдің жылдамдығы - 23 м/с. Күндіз батыста аптап ыстық, плюс 40 градус.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада дабылды ескерту жарияланды. Шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз плюс 32-34 градус.

Алматыда түнде плюс 17-19 градус, күндіз – 31-33 градус ыстық.

Шымкентте түнде 19-21 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

15
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам қайтыс болды
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Дезинфекция жұмысы

Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 

78
(Жаңартылды 18:55 25.05.2020)
Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сегіз өңірінде коронавирус жұқтыру өсімі 7 проценттен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру өсімі артқанын атап өтті. Өңірлер өсім қарқыны бойынша бірнеше топқа бөлінген. Бірінші топқа өсім қарқыны 7 проценттен көп өңірлер жатады. 

"Бүгінгі таңда мұндай өсім сегіз өңір – Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шымкент және Түркістанда тіркелген. Солтүстік Қазақстанда өсімнің жоғары болуы Ресейден келгендермен байланысты", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Екінші топтағы өңірлерде өсім қарқыны 7 проценттен төмен, бірақ 5%-тен жоғары. Олар: Ақмола, Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. 

Үшінші топқа ауру жұқтыру өсімі 5 проценттен төмен өңірлер жатқызылды. Олар: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы. 
Сұлтанғазиевтің айтуынша, індетке шалдыққандар санының артуы ірі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының жандануымен байланысты. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

 

78
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды