Ешкі

Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады

734
Оқушылар арасындағы ең белсенді оқырман әкімнің қолынан осындай ерекше сыйлық алды

ПАВЛОДАР, 25 ақпан - Sputnik. Павлодар облысындағы аудан орталығы – Тереңкөл ауылында №2 мектептің 5-сынып оқушысы Олег Айтпаев басты сыйлық ретінде ешкі ұтып алды. Ол былтыр 125 кітап оқып шыққан, деп хабарлады ауылдың жаңа әкімі Аждар Жүсіпов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оның мәліметіне сүйенсек, бұл сайысты әкімдік Тереңкөл ауылының кітапханасында өткізген. Зейнеткерлер мен жастар арасындағы белсенді оқырмандарға бір қоржын азық-түлік тарту етіпті. Зейнеткерлер арасында үздік оқырмандар – Светлана Михайловна Бабайцева (215 кітап) мен Ботабай Қабылбекұлы Сағитов (120 кітап), жастар арасында – 11-сынып оқушысы Алина Маковец (76 кітап). Мемлекеттік тілде ең көп кітап (жетеу) оқыған 6-сынып оқушысы Ақнұр Зейнеғалиева болды.

Оқырмандарды марапаттау салтанаты ауыл кітапханасында 23 ақпанда өткен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Павлодарское ауылын басқарған Аждар Жүсіпов қызықты науқандар өткізіп, тұрғындарға деген ерекше қамқорлығымен көпшілікке танылған еді.

  • Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
    © Photo : представлены Аждаром Жусуповым
  • Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
    Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
    © Photo : представлены Аждаром Жусуповым
  • Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
    Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
    © Photo : представлены Аждаром Жусуповым
1 / 3
© Photo : представлены Аждаром Жусуповым
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады

Мәселен, ол "Үздік аула" байқауын өткізіп, жеңімпазға әтеш сыйға тартқан болатын. Ауылдағы басқа сайыстарда жеңіске жеткендер лақ, қозы, тіпті торай ұтқан еді. Масленица мерекесін тойлаған кезде әкім жергілікті аспаз әйелге үлкен торт әзірлетіп, ауылдың бүкіл тұрғыны мен қонақтарына тегін ауыз тигізген. Ал былтыр 9 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагерлерін үлкен лимузинге отырғызып қыдыртты.

Аждар Сағынтайұлы агенттікке хабарлағандай, Тереңкөл әкімдігі 8 наурыз мерекесіне дайындықты бастап кетті. Жергілікті кәсіпкерлермен бірге ауылдың көпбалалы аналарына тосынсый әзірлеп жатыр екен.

734
Кілт сөздер:
сыйлық, ешкі, оқушы, оқырмандар, әкім, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
ОҚО жоғары оқу орынының түлегі ең жас әкім атанды
Түркістан облысында әкім қоқыс тазалаушыларды жуындырып жүр
Әкім мешітке көлік сыйлады
Ақмола облысында әкім тұрғындарға ағылшын тілін үйретіп жүр
Загрузка...