Бәйшешек

Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

1755
(Жаңартылды 10:06 28.02.2019)
Қазгидромет 28 ақпан – 2 наурыз аралығына ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде көктемдегідей құбылмалы ауа райы болады, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

"Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік бөлігінде – жауын-шашын, қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ. Күндіз ауа температурасы плюс бес пен +18 градус арасында құбылады. Жалпы еліміздің бүкіл аумағында ауа температурасы  климаттық мәннен жоғары болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" синоптигі.

Астана қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын қар жауып, жаяу бұрқасын болады, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 9-14 м/с болады, түнде ауа температурасы минус 11-13 градус, күндіз 3-5 градус аяз. 1 наурызда елордамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 5-10 м/с, түнде ауа температурасы 10-12 градус аяз, күндіз минус 5-7 градус. 2 наурызда бас қаламыз Астанада ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 5-10 м/с, түнде – 13-15 градус аяз, күндіз – минус 2-4 градус.

Празднование Наурыза
© Sputnik / Максим Богодвид

Алматы қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні – 0-5 м/с, ауа температурасы түнде -1 және +1 градус, ал күндіз 10-12 градус жылы болады. Наурыздың 1-інде оңтүстік астанамызда ауа температурасы түнде 6 градус жылы болса, күндіз +9 градусқа дейін жылынады. 2 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің екпіні – 0-5 м/с, ауа температурасы күндіз 2-4 градус нөлден жоғары, күндіз 12-14 градус жылы.

Шымкент қаласында 28 ақпанда ауа райы көшпелі бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түстен кейін ұйытқуы 15-20 м/с, түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы болса, күндіз 13-15 градусқа дейін жылынады. 1 наурызда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 3-5 градус нөлден жоғары, күндіз 15 градус жылы. 2 наурызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, түнде ауа температурасы 2-4 градус жылы, күндіз плюс 12-14 градусқа дейін көтеріледі.

1755
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктем
Загрузка...