Өңірлер

Cолтүстік Қазақстанда қызылша дерті өршіп барады: науқастар саны 100-ден асқан

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтумедицина
медицина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде қызылша ауруы тез тарап жатыр, науқастардың арасында балалар мен жүкті әйел бар

ПЕТРОПАВЛ, 1 наурыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қызылшамен ауырғандар саны 100-ден асты, науқастар арасында жүкті әйел бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

дәрігердің кабинеті, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында жұқпалы ауруға шалдыққан балалар ауруханаға түсті

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бір апта бұрын қызылшаға шалдыққандар саны 64 еді, қазір 101-ге жетті. Науқастардың жартысы – 0 мен 14 жас аралығындағы балалар.

100 мың адамға шаққанда қызылша дертінің көрсеткіші 16,9 болды, бұл соңғы 15 жылдағы көпжылдық орташа мәннен (3,0) әлдеқайда көп.

Сонымен бірге, облыстық перинаталдық орталықта 26 ақпаннан бастап қызылшаға байланысты карантин енгізілген, босану кезінде серіктерді кіргізбейді. Медициналық мекеме берген мәлімет бойынша, мұнда оқшауланған палатада жүкті әйел дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Бұдан бөлек, қызылшамен ауырғандар тіркелген үш мектепте қазір алдын алу шаралары жүргізілуде.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда кәдімгі қағаз ақшадан жұқпалы дерт тарап жатыр

"Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қаулысы бойынша, облыстың үш мектебінде профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласының №43 орта мектебінде, Ақжар ауданындағы мектепте ересектер сырқаттанған, ал Петропавл қаласындағы №17 мектепте бір бала ауырып қалды. Оқушының сыныбында сабақтар жеке кабинетте өтеді", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Ал петропавлдық ата-аналар қызылшаға қарсы екпенің жоқтығына шағымданып, соның кесірінен балаларға екпе салғыза алмай отырғандарын айтты. Әлеуметтік желіде жұрт қызылшаның белең алып бара жатқанына алаңдап, дәрігерлерден мектептер мен балабақшаларда карантин енгізуді сұрады.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті эпидемияға қарсы шаралар кешені орындалып жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0