Баланың қолы

Жаңаөзенде төбеден құлап кеткен бала ауыр халде жатыр

193
(Жаңартылды 13:01 01.03.2019)
Жаңаөзенде бала үйдің шатырынан құлап, басын тасқа соқты

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласында 7 жастағы бала үйдің шатырынан құлап, басын тасқа ұрды, деп хабарлайды inaktau.kz

Ата-анасы ұлдарының үйдің шатырында ойнап жүргенін айтады. Кейін ол төрт метрлік биіктіктен құлап, басын тасқа ұрған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 2012 жылы туылған бала бас-ми және түрлі жарақаттармен Жаңаөзен қалалық ауруханасына шұғыл жеткізілген. Оның өмірін сақтап қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.

Павлодарда бүлдіршін 6-шы қабаттан құлап кетті

"Жарақат алған балаға облыстық балалар ауруханасының нейрохирургы ота жасап, жарасын тікті. Алайда баланың жарақатына құм-топырақ түсіп кеткендіктен, жарасы іріңдеп, асқынып кетуі де мүмкін", - дейді нейрохирург.

Ақтауда бойжеткен тоғызыншы қабаттан құлап қаза тапты

193
Кілт сөздер:
биіктен құлау, бала, Жаңаөзен
Тақырып бойынша
Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті
Атырауда эскалатордан екі әйел мен бала құлап кетті
Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр  
Бес метрлік шырша кішкентай баланың үстіне құлап кетті – қорқынышты видео
Загрузка...