Оқушы, архивтегі сурет

Шымкентте мұғалім оқушыға ескерту жасағаннан кейін күтпеген оқиға болды

9499
(Жаңартылды 12:47 03.03.2019)
Шымкент қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында оқушы мұғалімнің сөзінен соң ауруханадан бір-ақ шықты

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде оқыс оқиға болды.

 №1 мектеп-гимназиясында жұмыс істейтін қазақ тілі пәні мұғалімінің сөзінен соң 6-сынып оқушысының денсаулығы нашарлап кеткен, деп хабарлады elitar.kz.

Жедел жәрдем
© Sputnik / Наталья Селиверстова
Жергілікті порталдың мәліметінше, оқиға Instagram желісіндегі club_dobryakov_shymkent парақшасында жарияланған. Онда оқушының анасы халықтан көмек сұрап, жан айқайын жеткізген.

"Мектеп директорының орынбасары әрі мұғалім өз өкілеттігін асыра пайдаланды, оның айқайынан 6-сынып оқушысының жүрек талмасы ұстап қалды. Оқушы ауруханаға жатқызылды. Ал мұғалім тіпті кешірім де сұраған жоқ. Оқушылар арасында жүргізілген анонимді сауалнамада мұғалімнің расымен де балаларға дауыс көтеріп, қорлап отыратыны белгілі болды. Ары қарай не істеуім қажет? Кімге барамын? Көмектесіңіздерші! Ортада менің балам зардап шегіп отыр. Мұндайды тоқтату керек", - дейді зардап шеккен оқушының анасы.

Ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген оқушының жағдайы жақсарған көрінеді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы оқушыға алғашқы көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілгенін растады. Дәрігерлер оған "Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуы" диагнозын қойған.

№1 мектеп-гимназиясының директоры Гүлназ Әбілдаева да болған жайтқа түсініктеме берді.

"Қазақ тілі пәнінің мұғалімі оқушыдан бар болғаны "үй тапсырмасын неге орындамадың?" деп сұраған. Кейін бала тағы екі сабаққа қатысты. Ол өзін нашар сезініп, медициналық пунктке барған. Біз оның ата-анасына хабар бермек болғанымызда, ол үйіндегілерге өзі хабарласып қойғанын айтқан. Кейіннен бала асханада отырған. Ол аралықта оқушының ата-анасы білім бөліміне "баланың жүрегі тоқтап қалды!" деп хабарласқан. Мектепке жедел жәрдем қызметі мен полицейлер келді. Баланы ауруханаға алып кетті. Менің естуімше, оған "пневмония" немесе "бронхит" диагнозы қойылыпты. Бірақ нақтысын әлі білмеймін", - деді директор.

Ол оқушыға қойылған нақты диагнозды білу үшін қалалық денсаулық басқармасына хат жолдап, жауабын күтіп отрғанын атап өтті.

 Гүлназ Әбілдаеваның пікірінше, мұғалімді өз жұмысын атқарғаны үшін қызметінен босату орынсыз.

"Мұғалімнің 20 жылдық еңбек өтілі бар, білікті маман. Бұған дейін оның үстінен ешбір шағым түспеген. Бұл жағдайдан соң, оқытушы түсініктеме жазды. "Неге үй тапсырмасын орындамадың?" деп айтқанын да көрсетті. Шыққан шудан соң, оған қатаң сөгіс берілді. Енді ұстаз ол сыныпқа сабақ бермейді. Бірақ оны жұмыстан шығаруға негіз жоқ. Мұғалім баладан үй тапсырмасын сұрауға құқылы. Біз де өз құқымызды қорғауға қақылымыз", - деді ол.

Сөз соңында мектеп директоры анасының "мұғалім кешірім сұрамады" дегенін сөзі шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, ауруханаға жеткізілген бала үлгілі оқушы және спортпен тұрақты түрде шұғылданады.

9499
Кілт сөздер:
оқушы, мұғалім, аурухана, Шымкент
Тақырып бойынша
Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды
Ақтауда мектепте мұғалім көз жұмды
Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды
Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды
Үйлену тойы

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай болды видео

11576
(Жаңартылды 15:05 06.07.2020)
Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілген болатын

АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысты. Полицейлер жасырын жиынның үстінен түсті.

StopCov Almaty мәліметіне сәйкес, қала тұрғындары енгізілген қатаң шектеу шараларына қарамастан, 30 адамның басын қосып, үйлену тойын ұйымдастырған. 

"Той Ақжар шағын ауданы Жаңашаруа көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп, салтанатты жиын қызған уақытында үстінен түсті. Отбасылық шара тоқтатылды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирусқа байланысты бесінші шілдеден бастап екі аптаға карантин шарасы күшейтілді. Тұрғындарға қонақ шақырып, отбасылық, діни жиын және басқа да салтанатты шара өткізуге тыйым салынды.

11576
Кілт сөздер:
той, видео, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды?
COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмекке қатысты жедел желі іске қосылды
Қап, адам

Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді

7459
(Жаңартылды 17:45 05.07.2020)
Әлеуметтік желіде ауруханада пакетте адам денелері жатқаны туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Әкімдік мұны жоққа шығарып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 шлде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтаудағы ауруханада пакеттерде мүрделер жатыр деген видео тарап кетті. Бұл видеоның Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ, деп хабарлады облыс әкімдігі.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауды сұраймыз", - деді облыстық әкімдікте.

Бұған дейін әлеуметтік желіде екінші карантин кезінде 75 мың теңге төленеді деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ, қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев қан плазмасы негізінде коронавирусқа қарсы вакцина жасалады деген жалған ақпарат таратты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бір айлық есептік көрсеткіштен 1 мың АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, бір жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

7459
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Министрлік 75 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 
Ер адамның алтыннан жасалған маскасы жұртты таңғалдырды
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

135
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

135
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?