Қар

"Қыс қайта қаһарына мінді" ертең ауа райы қандай болады?

226
6 наурызда еліміздің кей өңірінде дабылды ескерту жарияланды, екі облыста қозғалыс шектелген

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстандықтар көктемгі жайма шуақ ауа райын әлі біраз күте тұрады, деп хабарлады синоптиктер. Республиканың басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етіп, жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады.

Дабылды ескерту

Қызылорда, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Батыс Қазақстанда – кей жерде төменнен соққан боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28, оқтын-оқтын 30 м/с-қа дейін жетеді. Кей жерде тұман, көктайғақ, боран.

Алматы облысында және Алматы қаласының аумағында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасының артуынан, синоптиктердің болжауынша, қар еріп, ағын су пайда болады, өзенде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте 6 наурызда көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Түске дейін температура – 1-3 градус жылы, түстен кейін 8-11 градус нөлден жоғары.

Алматыда сәрсенбі күні ауа райы ала бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы 3-7 градус жылылықты көрсетеді, түнде ауа температурасы 1-3 градус жылы.

Елордада күн бұлтты болады. Кейде қар жауады. Күндіз ауа температурасы 3-4 градус аяз, түнде минус 7 градусқа дейін төмендейді.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с-тан асып, боран соғады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерде төменнен соққан боран, тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысында кей жерде көктайғақ, күндіз – төменнен соққан боран, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерде тұман, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с, Жамбыл облысында – көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысында кей жерде төменнен соққан боран, түнде желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, түнде Түркістан облысында кей жерде тұман түседі.

Қазақстанда қай жолдар жабылды

Төтенше жағдайлар комитеті "Қазавтожол" ЖШС мәліметіне сілтеме жасай отырып, қазақстандық жолдарда қозғалыс шектелгені туралы хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында ауа райы қолайсыздығына байланысты Орал – Тасқала – Ресей шекарасы жолында жүк көліктері үшін қозғалыс шектелген.

Қарағанды облысында көктайғаққа байланысты жүк көлігі мен қоғамдық көлік үшін Қарағанды – Ақсу ауылы – Аюлы жолында қозғалыс шектелді.

226
Кілт сөздер:
ірі қалалар, өңірлер, ауа райы болжамы
Загрузка...