Қасқыр

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады

1561
(Жаңартылды 12:51 07.03.2019)
Зардап шеккендердің бірі – 11 жастағы бала

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қостанай облысындағы Ашутасты ауылында қасқыр адамдарға шабуылдады. Зардап шеккен ер адам мен бала ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 5 наурызда Ашутасты ауылында жыртқыш аң 11 жастағы балаға шабуылдап, аяғынан тістеп алған, кейін жасөспірімге көмектеспек болған ер адамды талады, деп жазады жергілікті "Алау" порталы.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірі өзіне шабуылдай берген қасқырды өлтіріпті.

Бір үйір аш қасқыр бұланды қоршап алды: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео

"Аңның денесі мен зардап шеккендер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Сергей Шмидт.

Ер адамды ауруханаға жатқызбапты, ал бала біраз уақыт дәрігерлердің қарауында бола тұрады.

Атыраулық аңшы адамды қасқыр деп ойлап атып түсірді

1561
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, қасқыр, Қостанай облысы
Загрузка...