Дабылды ескерту

Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

2010
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл, бұрқасын және қар еруіне байланысты дабылды ескерту жарияланған

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жариялады.

15 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

15-17 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. 15 наурызда таңертең және күндіз, 16 наурызда күні бойы оңтүстіктен соққан жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

15 наурызда Қостанай облысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, ұйықтуы 25 м/с. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Қостанай қаласында 15 наурызда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

15-17 наурызда күн жылынып, жауын-шашын мол түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында қар еріп, салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

15 наурызда Ақмола облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде күшейіп, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с-қа жетеді, оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғады. Астанада 15 наурызда желдің екпіні – 20 м/с.

15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с, күндіз оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғуы ықтимал.

2010
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, дабылды ескерту
Загрузка...