Кәсіпкерлер көп балалы отбасыларға баспана сыйлады

Алматы облысының кәсіпкерлері өз ауылындағы жоқ-жітіктерге үй алып берді

293
Кәсіпкерлер тұрмыс тауқыметін тартып отырған көп балалы отбасыларға баспана сыйлады

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көп балалы әрі  жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әз-наурыз мерекесі қарсаңында Кербұлақ ауданында өткен қайырымдылық іс-шарасында "Алацем" зауытының бас директоры Станислав Щербаков әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.

"2013 жылы күйеуіммен ажырасқанмын. Үш баламен пәтерден пәтерге көшіп жүргеніме 5 жылдан асты. Балаларым оқушы, тапқан табысым олардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар", - дейді қуаныш иесі Жұмағыз Медетова.

Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев сол ауылда тұратын алты баланың анасы Айгүл Ешпаеваға үй сыйлап, қуанышка кенелтті.

Ал Талдыбұлақ  ауылының азаматы Кален Тұрсынбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспана алып берді.

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев пен Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлнәз Шәкенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыға азық-түлік алып берді.

293
Кілт сөздер:
баспана, кәсіпкер, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
Көпбалалы отбасыларға берілетін баспананың қанша тұратыны белгілі болды
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
Депутат "времянкада" тұрып жатқан көпбалалы отбасыға үй алып берді
Загрузка...