Премьер-министр Асқар Мамин

Мамин Түркістанда жүр: үкімет басшысы қандай тапсырма берді?

221
Үкімет басшысы Түркістан қаласында салынып жатқан бірқатар нысанды аралады

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Мамин Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы облыс әкімдігі нысандарын, басқармалар мен департаменттердің ғимараты салынатын алаңдарды тексерді. Нысандардың іргетасын осы айда қалап, 2020 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарын отандық өндірістің қажетті материалдарымен қамтамасыз ету үшін өңірде фибробетон шығаратын жаңа зауыт салынбақ.

Бұған қоса, премьер-министр медиа орталық, конгресс-холл, спорт кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда ғимараттардың іргетасын қалау жұмыстары басталып кеткен.

Әкімшілік нысандардың құрылыс барысын тексергеннен кейін, Мамин президенттің тапсырмаларын уақытылы орындауға барлық жағдай жасалғанын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын күшейтуді және қажет болса қосымша құрылысшылар тартуды тапсырды.

Сондай-ақ, үкімет басшысы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Жоба аясында биыл 44 үй, 2020 жылы 52 үй пайдалануға беріледі.

Тағы оқыңыз: Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Түркі дүниесінің рухани-мәдени орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Мамин қаланың тарихи-мәдени орталығын аралады. Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығының визит-орталығы, "Ұлы дала елі" орталығы салынып жатқан жерлерде болды. Бұдан өзге, премьерге Түркістан қалашығын абаттандырудың тұжырымдамалық бас жоспары таныстырылды. 

221
Кілт сөздер:
премьер-министр, құрылыс, Асқар Мамин, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Асқар Мамин басқаратын үкіметтің алғашқы отырысы бүгін қалай өтті – видео
Загрузка...