Өңірлер

Мамин мен Шөкеев Тоқаевтың тапсырмасын 2 сағатта орындап тастады – видео

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы желіде нәжіс иісіне тұншығып отырған леңгірліктердің проблемасын көтерген еді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Леңгір тұрғындарының мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

"Араға 2 сағат салып, президенттің тапсырмасымен Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйінің мәселесі жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді", - деп жазды облыс әкімі.

Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгірдегі көп пәтерлі тұрғын үйдің мәселесін тез арада шешуді тапсырды.

Қазақстандық телерналардың бірі хабарлағандай, леңгірліктер тұрғын үйдің жертөлесін нәжіс басып кететінін айтып шағымданған.

Тағы оқыңыз: "Шенеуніктердің өздері тұрып көрсін" Тоқаев Мамин мен Шөкеевке тапсырма берді

Жалға берілетін 60 пәтерлі тұрғын үйде, негізінен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер тұрады екен.

Жаңалықтар
0