Өңірлер

Өскемен тұрғынының біртүрлі әрекеті тағы да видеоға түсіп қалды 

© Sputnik / Тимур Батыршин Архивтегі сурет
 Архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыған ұқсас оқиға осы жылдың ақпанында қаладағы Халықтар достығы үйінде болған еді   

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір — Sputnik. Өскемендегі шаштараздардың бірінде сыртқы бақылау камерасы белгісіз әйелдің оғаш әрекетін түсіріп алды, деп хабарлады YK-news.kz.

Әйел мекеменің табалдырығынан бірнеше рет қатарынан қайталап аттайды.

Келуші ерекше рәсімді қандай мақсатта жасағаны белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары әр түрлі болжам жасап жатыр. Кейбіреулер бұл әйелді "дуагер" десе, ал өзгелері  қала тұрғыны қандай да бір жүйке ауруына шалдыққан деп есептейді.

Осыған ұқсас оқиға Өскеменде осы жылдың ақпанында болған еді. Ол кезде ішкі бақылау камерасы Тәуелсіздік даңғылындағы  облыстық Халықтар достығы үйінде әйелдің оғаш әрекетін түсіріп алды. Бейнеролик авторлары ролик кейіпкері табалдырықтан 40 рет қайталап аттағанын айтады. Бұдан кейін ол түсініксіз сөздер айтып түкіріп, асығыс кетіп қалған.

Жаңалықтар
0