Архивтегі фото

Жаңаөзендік "өрмекші адам" желі қолданушыларын таңғалдырды видео  

347
Металл конструкцияға "өрмелеген" ер адам ешқандай сақтық шарасын қолданбаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында металл конструкцияға "өрмелеген" ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алды.  

Ролик бүгін, 2019 жылдың 2 сәуірінде жарияланды.  

Жазбадан ер адамның ешқандай сақтық шарасын қолданбай, жол жанындағы металл конструкцияға шығып-түскенін көруге болады, деп жазды lada.kz.

Интернет-қолданушылар оған "өрмекші адам" деген ат берді.

347
Кілт сөздер:
видео, Жаңаөзен, өрмекші
Тақырып бойынша
Аспанмен таласқан ғимаратқа өрмелеген жанат ғаламтор жұлдызына айналды
Анасына ерген қонжық құздан құлады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео
Бикинимен суретке түсу үшін шыңға өрмелеген қыз жантүршігерлік жағдайда ажал құшты
Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан
Қостанайда кілтін жоғалтқан қыз пәтеріне құбырмен өрмелеп шыққан
Иллюстративті фото

Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды

530
Ақтөбе облыстық білім басқармасы Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдағанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында орамал таққан қыздардың төбелесінен кейін Темір аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алды.

Ал осы оқиғадан соң жұмыстан кеткен Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл орта мектептерінің директорлары қызметтеріне қайта оралды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Облыстық білім басқармасының дерегінше, Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдаған.

"Облыстық білім басқармасы жалпы оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бұл аталған директорларды орнынан босату негізсіз екендігін анықтады. Сондықтан да директорлар өз орнына қайта тағайындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек күні Кеңқияқ елді мекенінде жоғарғы сыныптың оқушы қыздары арасында төбелес болды. 8 сыныптағы қызды аямай сабап, оны таспаға түсіріп таратқан.

Оқи отырыңыз: "Қазпоштаның" Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздардың шаш жұлысып, тепкілесуіне не себеп болғанын енді облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы топ анықтамақшы.

530
Кілт сөздер:
мектеп директорлары, төбелес, қыздар
Тақырып бойынша
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Көшедегі қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды  
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты

Көкшетаулық танымал кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда көз жұмды

2801
(Жаңартылды 14:20 26.09.2020)
Автокөлікте бес адам болған, үшеуі апаттан қаза болды. Олар Көкшетау қаласынан елордаға қарай келе жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында көкшетаулық танымал кәсіпкер Владимир Свидерский болды, деп хабарлады Kokshetau.asia.

Свидерский жанармай құю бекеттері желісіне иелік еткен.

ДТП на трассе Нур-Султан- Петропавловск
Петропавл – Нұр-Сұлтан тас жолындағы жол апаты
Жол апаты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болды. 1960 жылы туған Владимир Свидерскийдің Range Rover көлігімен бес адам Көкшетау қаласынан елордаға жол тартқан.

"Бізді басып озбақ болды": Өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

716 порталының хабарлауынша, апат салдарынан Свидерский мен 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов сол жерде қайтыс болған. Тағы бір жолаушы – 1963 жылы туған Валерий Бевзовой ауруханада жан тапсырды.

"Екі жолаушы түрлі жарақатпен Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

 

 

2801
Кілт сөздер:
жол апаты, кәсіпкер
Тақырып бойынша
"Орда" әншілерінің ата-анасы қаза болды: полиция жол апатының мән-жайын айтты
Алматыда Lexus жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті
"Сағынышымыз сейілді": Сәкен Майғазиев жүрек елжірететін видео жариялады
Танымал қазақстандық әнші жол апатына түсті – фото
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қайтыс болды

Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір

0
Ресей дайын вакцинаны шетелге жаппай жібермейді. Оның орнына ресейлік ғалымдар екпені өндіру технологиясын басқа елдермен бөлісуге дайын

Бұл туралы Гамалея атындағы институттың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. Алайда мұндай тәсілді ТМД елдерінде қолдану мүмкін емес. Қазір Ресейде тағы екі вакцина сынақтан өткізіліп жатыр. 2020 жылдың 22 қыркүйегінде Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа препаратты клиникалық зерттеуден өткізуге рұқсат берді. Вакцинаны Ресей ғылым академиясы жасады. Ал "Вектор" ғылыми орталығы әзірлеген вакцинаны сынақтан өткізу аяқталуға жақын.

0