Науқас

Павлодарда өз-өзін өртеп жіберген ер адамның әйелі ауруханада көз жұмды

901
Қайғылы оқиғаға дейін ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болып, отағасы жауапқа тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласында өз-өзін өртеп жіберген ер адамның әйелі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды жергілікті pavon.kz басылымы.

Оқиға 3 сәуір күні болған. Әйелінің туған күнін тойлап жатқанда ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртеп жібереді. Өрт салдарынан 14 адам зардап шекті, олардың бесеуі – балалар.

Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет бергендей, жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл аттанған, содан соң тағы үш бригада дәрігер жіберіліпті. Өзіне қол салған отағасы сол жерде қаза тапса, 45 жастағы келіншектің денесінің 75-80%-ы күйіп қалған. Ол жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Сонымен бірге, жансақтау бөліміне тағы үш адам түсті: 26 жастағы ер адамның беті, қол-аяғы ІІ-ІІІ дәрежелі күйік алған, күю деңгейі - 60%, орташа деңгейде иіс тиген, 28 жастағы ер адамның беті, басы, екі аяғы мен білектері күйіп қалған, күю деңгейі - 25% және 26 жастағы ер адамның беті, екі қолы білекке дейін, аяғы тізеден төмен күйген, деңгейі - 20%.

"Педиатрия бөлімінде иіс газынан уланған екі жасар ұл мен қыз, бес жасар қыз және 17-18 жастағы екі бойжеткен жатыр. Олардың жағдайы қанағаттандырарлық", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Иіс газынан 20, 22 және 24 жастағы тағы үш қыз уланған. 1990 жылы туған жігіттің қос білегі шынтаққа дейін күйіп, иіс тиіпті.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр.

Полиция департаменті атап өткендей, бұдан бұрын ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжалдар болып, қаза тапқан ер адам ішімдікке салынған екен. Қайғылы оқиға алдында отбасылық-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ақсу қаласының соты істі екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатыпты.

901
Тақырып бойынша
Астанадағы ғимараттардың бірінде жарылыс болды: зардап шеккендер бар - фото
Маңғыстау кен орнындағы апат өртке ұласты: төтенше оқиғаның видеосы
Ата-анасы үйде болмаған: Семей түбіндегі ауылда екі баланың мәйіті табылды
Семейдегі жантүршігерлік өрт: қаза тапқан балалардың ата-анасы қайда болған?
Загрузка...